Өлең, жыр, ақындар

Интернет желілерінің пайдасы мен зияны жайлы не білесіз?

Күнделікті өмірді интернет желілерінсіз елестету де қиынға соғар.Себебі, байланыс құралдары арқылы көпшілігіміз пайдалы ақпарат қорларын жинақтаймыз.Интернет көзі-әлемнің ажырамайтын бөлігі іспеттес.Алайда, оның да зиянды жақтары бар екенін естен шығарамыз.Ең алдымен, интернет құралдарының пайдасы жөнінде тарқатсақ:

Жер ғаламшарында көптеген тіршілік иелері компьютерді әр күн сайын пайдаланады.Әрине, кітапханаға барып, ат терлетіп жүрмей-ақ керекті ақпаратты тиімді жолмен іздестірсе, бұл тіптен күтуді де қажет етпейтін дүние емес пе?! Иә, жеке тұлғалар интернет көздері арқылы жаңа орта құрып, өздігімізден дами түсеміз деп ойлайды.Шындығында, солай-ақ.Қоғамдық ортадағы жағымды немесе жантүршігерлік жаңалықтарды, керекті ақпараттарды не болмаса өзіңіз әуестенетін қызығушылығыңыздың керемет тұстарына интернет арқылы қол жеткізесіз.Қызықты жайттарды,  фильмдер мен арнайы кеңестерге арналған даңғыл жол да ашылады.Бұл-байланыс желілерінің пайдалы тұстары ғана.Ендеше, интернеттің зиянымен таныс бола кетіңіз:

Соңғы ғылыми зерттеулерге қарағанда, әлемде интернет көздерінсіз күн кеше алмайтын адамдар саны көбейе түсуде.Тәжірибелер интернет ішінде өмір сүретін тұлғалардың виртуальды өмір мен шынайылықты ажырата алмайтынын айқындады.Интернет желілерін пайдалануды жиілету денсаулыққа да кері әсерін тигізеді.Әсіресе, жүйке жүйесі мен көз тамырларына.

Бүгінде интернет арқылы пайда тауып, халықты қармағына іліп, тұзағына түсіретіндер де аз емес.Байланыс желілеріне тәуелділік-позитивті көңіл-күйіңізді төмендетіп, жағдайыңыздың қиындауына апарып соғатыны сөзсіз.Сол себептен интернет көздерін қолдану барысында шекара қоя білгеніңіз жөн.

Аружан Самидин


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер