Өлең, жыр, ақындар

Биыл аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекеттен қандай көмек беріледі

ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында 2020 жылы аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекет тарапынан қандай көмек бөлінетіндігін түсіндірді.

Қоғамдық қабылдаудың атап өтуінше, жеңілдігі бар жол жүру билеті, мектепте тегін тамақ пен азық-түлік пакетінен бөлек 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп киімі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар мемлекеттік әлеуметтік көмек ретінде беріледі.

Ұлдарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:

— пиджак;
— жилет;
— шалбар;
— мерекелік көйлек;
— күнделікті киюге арналған көйлек;
— трикотаж жилет.

Қыздарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:

— пиджак;
— жилет;
— белдемше;
— классикалық жейде;
— трикотаж жилет;
— сарафан.

Бастауыш сынып оқушыларға арналған жазу және мектеп жабдықтары мыналардан жиынтықталады:

— рюкзак;
— күнделі;
— жай дәптер (20 дана);
— қаламсауыт;
— сурет салуға арналған альбом;
— қаламсап (5 дана);
— жай қарындаш (10 дана);
— қап (15 дана);
— пластилин;
— акварель бояуы;
— сызғыш;
— өшіргіш.

Орта буын оқушыларына мыналар беріледі:

— рюкзак;
— күнделі;
— жай дәптер (20 дана);
— қалың дәптер (10 дана);
— қаламсауыт;
— сурет салуға арналған альбом;
— қаламсап (5 дана);
— жай қарындаш (10 дана);
— қап (15 дана);
— пластилин;
— акварель бояуы;
— сызғыш;
— өшіргіш.

Жоғары сынып оқушыларына:

— рюкзак;
— күнделі;
— жай дәптер (20 дана);
— қалың дәптер (10 дана);
— циркуль;
— қаламсауыт;
— сурет салуға арналған альбом;
— қаламсап (5 дана);
— жай қарындаш (10 дана);
— қап (15 дана);
— пластилин;
— акварель бояуы;
— сызғыш;
— өшіргіш.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар