Өлең, жыр, ақындар

Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты

Ұлттық болмыс дегеніміз-қазақтың салт –дәстүрлерімен,ибалы, имандылық  түрлері жатады. Ертеректе  мал бағып жүрген ата- бабамыз балаларын атқа мінуге,  төрге қамшы іліп,  қасқыр терісін керегеге байлауы, қазақтың мәрттігін  көрсеткен.Ен алдымен қазақы сүтпен біткен тіл,  біздің тілдің байлығын, сөз ұлылығын көрсетіп, дәріптеледі.  Қазақы ою-өрнекпен нақышталған  киім  киюі өзге ұлттан бөлек, киген шапандары қыста тоңғызбайтын қасиеті бар  екендігін көрсетеді. Ағаштан ойып жасалған табақ, ас ішетін құрал- жабдықтар тамақ жеуге ыңғайлы , тез суыйтын, адам денсаулығына пайдалы  болып  табылады.  Сонымен бірге  ұлттық аспаптар тарихы да ертеден келе жатқан,  өнер құдіреті деп білемін.Домбыра , жетіген, қобыздың түрлері   қазақтың атын әлемге мойындатқан аспап екенін білеміз. Ұлттық  ойындар  қазақ халқының  өзіне тән  ағаштан жасалынатын алтыбақан тебуі , сүйек жасырып,  ақсүйек ойындарын ойнауы,  қазақтың  ұлттық қадір- қасиетін ұғындырып тұрса керек.Ұлттық мейрамдарды тойлауда өзіндік ерекшелігімен айқындалады. Күн мен түннің теңесуі, көктің шығуы,   көже асылуы, сақталған сүр еттер, наурыздың реңін  ашуда.

Қазіргі таңда  сән әлемімен елді таңғалдыратын  тігіншілердің ательесінде  де түрлі қазақтың ұлттық киімдері  бүкіләлемдік аренадан көрінуде.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты  Жолдауында қазақ ұлтының өзіндік айрықша болмысы  атқа міну мәдениеті деп көрсетуі тегін емес.Атқа міну ежелгі ата- бабамыздың жылқышылық кәсібі, астына мінген атымен талай жауларға  төтеп беріп, атағы шыққанын бүкіләлем біледі.Сан алуан атақты металл ордасы болғандықтан, алғашқы металлургияда мыс, алтын  қорытпалары арқылы зергерлік бұйымдар соғылуы, металл қорытатын пештер болуымен бірге , ежелгі дәуірдегі  тұрмыстық заттар пайда болды.Аң стилі деп аталатын бөлімінде, адам  қоршаған ортамен,табиғатпен бірге жасасып, сондағы мысық тұқымдас барысты  пір тұту, солардың қайсарлық мінезіне ұлы дала халқын балағаны тегін емес екенін көруге болады.Біздің ата-бабаларымыздың 1869 жылы «Есік» қорғанынан табылған  жауынгер бейнесі «Мәңгілік елдің» қайсар қаһарманы екенін көруге болады. Бұдан байқағанымыздай, асқан көркемдік өнердің жоғары деңгейін көрсетуде. Нақтырақ айтсақ,  табылған жауынгердің алтынмен  жасалған киімдері, алтынды соғуда қазақтың  техникасы жоғары болғандығын көрсетеді.Қазіргі таңда «Алтын адамның» табылуы біздің жақұттарымыз деп айтуға болады. Келесі  бөлімі «Ұлы Жібек жолы» аталуы Қазақстанның Евразия құрлығының   транзиттік өркендеуге  әкеліп соғатыны, талай  құнды тауарлар сауда- саттық өркендеуіне жол ашқанын көрсетеді. Қазақстан алманың жоғарғы сортын өсіретін әлемге аты танымал халық болып саналады. Өсімдіктердің жауһары саналатын «регель» қызғалдағы өзінің жұпар иісімен танымал болды.

Сонымен қорытындылағанда,  «Мәңгілік елдің»  халқы болуымыз үшін , туған жерімізді аялап, сүйіспеншілік туғызатын патриоттық  рухы бар жастарды тәрбиелеп,  руханижаңғырудың тілімізді сақтап, түрлі әдет- ғұрпымызды ұмытпай,  алма мен қызғалдақтың Отаны болған «Қазақ» елінің азаматшасы екенін мақтан тұтамын.

Ақтөбе қаласындағы №40 жалпы

білім беретін орта мектептің 8 «б» класс оқушысы

Нұрмағанбетова Айғаным Абайқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Асылжан

бұл шығарма маған ұнады жақсы жазылған

Нурия

Оте жаксы,укыпты жазылган!Казак халкын укыпты сипаттады

Ақбаева Нұржамал

Айғаным жарайсың бйіктерден көріне бер анаңның көз қуанышы болуға тілектеспін

Жанат Бердіқызы

Рухани жаңғыру елдігіміздің туын көтеріп жатқан тұста осал тұсымызды түщеп жіберетін.қадетті кезде қабылданған бағдарлама.Жазылған шығарма өте құнды.Көркем тілде жазылған.Қазіргі таңда жастардың білуі керек құнды дүниелер жазылған.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз