Қалмақпен соғысқанда көп ерлік көрсеткен Ескелдіні 1750 жылдары жоңғарлар қолға түсірген көрінеді. Сонда Ескелдінің аш қалған мысығы етті ұрлап жегені үшін қалмақтың бір батыры өз баласына: «меңсіз ақ мысықты алысқа апарып таста» дейді. Бала бір жерге апарып көзі байлаулы мысықты жерге тастай бергенде, ақ мысық бала мінген аттың қабырға қапталына жабыса кетеді. Ат мөңкіп, баланы үзеңгісіне сүйреп өлтіреді. Баланың бір аяғы жамбас буынынан жұлынып, үзеңгіде келеді. Сонда қалмақтың батыры өз бармағын өзі шайнап өкіреді және Ескелдіні қолма-қол алдына келтіріп:
— Мені сенің қасиетің ұрды!.. оны білмей баламнан айырылдым. Енді, кешір, айыбына не қалайсың?» — дейді. Ескелді:
— Еліңді бастап бұл маңайдан алыс жаққа көшіп кет», — дейді. Қалмақтар бір түнде көшіп жоғалады. Қолға түсіп кеткен Ескелді аман құтылып қайтып келгенде, ауылы:
— Қалай босанып келдің? — деп сұрайды. Ескелді:
— Қалмақты алысқа көшіріп жіберіп келдім, — дейді. Барып байқаса, бәрі рас. Сонда ел жиылып Ескелдіге:
— Сенің тұқымыңның тұқымын сыйлап өтелік, — деп уағда етісіпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі