Өлең, жыр, ақындар

Ақылды Бабаның амалы

Ұлы жүз үйсіннің бір баласы — Дулат. Дулаттан Ботпай, Шымыр, Сиқым, Жаныс туады. Қазіргі Шымыр ауылында (Талдықорған ауданы) сол шымырлардың қаздырған тоғандарының орны бар. Соның басынан көмей арық шығарамыз деп Ескелді сынық қазан көмдіріп қойған екен. Сол маңға шымырдың бір биі де белгі қойыпты. Екеуі таласады. Билік құрылып, іздеу шыққанда жердің бетіндегі шымырдың белгісі табылмайды. Көмілген Ескелдінің сынық қазаны шығады. Содан бастап көмей арық Жалайырдың Сиыршы, Мырза балаларына тиесілі болып қалыпты.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз