Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние

Басты бет / Сайыс2019 / Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние — Сайыс2019 бөліміндегі материал.

Материал — эссе, Сайыс2019, денсаулық, денсаулық жайы — осы тақырыптарға байланысты.

Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық.  Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті

Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек.  Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.

Денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мүлде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, қантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкеністі көптеп жеген дұрыс.

«Дені саудың жаны сау» деген ата-бабаларымыз. Әрбір адам күніне шамамен сегіз сағат ұйықтауы керек. Сонда адам күні бойы көңілді, сергек болып жүреді. Спортпен шұғылдану,  жеке бас тазалығын да ұмытпаған жөн. Спортпен шұғылдансаң, денең ширақ болады, өз-өзіңді  сергек, жеңіл сезінесің. Ал бұндай көңіл-күйдің адам денсаулыңы үшін маңызы аз емес. Жеке бас тазалығына келер болсақ, таза жүрген адам көптеген жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупінен ада болады. Халқымыз «Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпаса керек.

Денсаулық екіге бөлінеді: біріншісі физикалық денсаулық, екіншісі психикалық денсаулық. Психикалық денсаулық дегеніміз – адамның көңіл-күйі. Айналадағы болып жатқан өзгерістер адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Адамдардың саған деген көзқарасы, көпшіліктің арасында өзіңді қалай сезінуің сенің жан саулығыңа әсер етеді. Экология да денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Ауа ластанған болса,  өкпеге кесірін тигізеді. Радияциясы көп жерлерде балалар қандай да бір аурумен дүниеге келеді. Әл-Фараби атамыздың денсаулық жайлы айтқан нақыл сөзі: «Адамның денесінің жетілуі – оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек» деген. Бұл біздің өмірлік ұстанымымыз болу керек.

Қорытындылай келе,  деннің сау болуы да, болмауы да әркімнің өзіне байланысты. Себебі күнделікті қандай тағам тұтынатынымызды, немен шұғылданатынымызды, адамдармен қандай қарым-қатынаста болатынымыз өз еркімізде. Әр адамның денсаулығы өз қолында!



WhatsApp Telegram

Пікірлер (15)

ӘСЕЛ

Рахмет көп көп

Рахмет сіздерге

Эленора

Керемет

Алия

Рахмееееет

А

Өте керемет екен

Аяулым

Рахметтт

Қамария

Рахмет

ЕрзатоваБалнұр

Негізі ауырмайтын жол емес, адам ауфрмаса оны Аллаһ жақсы көрмейді. Ауырған керісінше Алланың сынағы, жақсы көретіндігі. Денсаулық тек аман болып жүру

Арман

ТЖБға керек кезден құтқардын

Дэнчик

Үлкен рахмет!!!

Ақниет

Рахмет күшті екен тжбға керек кезде әсіресе

Нұрай о

Рақмет рақмет рақмет

Іңкәр

Көп рахмет ❤️

нуртай

өте керемет рахмет көп көп

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние деген не?

Бұл бетте Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Сайыс2019 бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние материалы Сайыс2019 бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Сайыс2019 бөліміндегі басқа материалдар эссе тақырыбындағы материалдар Сайыс2019 тақырыбындағы материалдар денсаулық тақырыбындағы материалдар денсаулық жайы тақырыбындағы материалдар денсаулық зор байлық эссе тақырыбындағы материалдар денсаулық зор байлық тақырыбындағы материалдар Aluad жариялаған басқа материалдар