Эссе және өлең-жыр байқауы

Қыз екен десем

Ашылы ауылының қыстағында біреу келін түсіріпті. Жаңадан түскен келін басына шытын тартпай үнемі жалаң бас жүреді екен. Бір күні сол үйге Санжының құм жиегінен бір шал келе жатып, іздеген адамның қай жерде екенін ұғысуға үйге түссе, үйде бір бойжеткен қыз бен кемпір ғана отырса керек. Аман-сәлемнен соң, іздеген адамның жөнін сұрап жайлана шайға отырады. Шалекең өзінің ұлының әлі үйлене алмағанын ойлап «мына қызға балама құдалық сөйлесе кетейін» деп кемпірден:

— Мына балаңыздың басы бос па? Құдаласқан жері бар ма? — дейді.

— Ойбай көтек! Не дейсіз, бұл менің келінім, — дейді кемпір.

Сонда шал:

— «Бұрынғының қойы маңырап келуші еді, ендігінің қойы аузын ашып келетін болған ба?» деген екен бір саңырау шал. Сол секілді бұрынғының келіні желек жамылушы еді, ендігінің келіні жалаң бас жүретін болған ба? Қызы қайсы? Келіні қайсы? Айырғысыз. Келініңізді қызыңыз екен деп құдалық сөйлесе жаздаппын. Айыпқа бұйыра көрмеңіз! — депті.


Қарап көріңіз



Пікірлер (16)

Баконя!

В каком веке живете, кому вы там хотите доказать. какой орамал. Келин и кыз деп болегеннен пайда жок. ол да биреудин кызы, кызындай кору, а кул сияакты кормей.

Қаламқас

Баконя! , ел аузынан әңгіме ғой бұл, неге агрессивный сың? Бұл жерде бөліп отқан жоқ, тарихымызда сондай болған ғой

Амангали

Келіндер орамал таққаны дұрыс . Баконя сен ақ современный болағой .бір күні қойш келін үйдің ішіне атаң болсада трусимен жүре бер дейтіндерден екенсің!

Сабит

Осындай Баконя сияқты лардан намыссыз ерлер көбейіп келе жатыр,

Myrza

Өте керемет

Милая келинка

Өте керемет айтылған екен. Дұрыс қыз бен келіннің айырмашылығы болу керек. Бұл жерде келінді құл қылып ұстау керек деген ештеңе жазлмаған. Тек келіннің тағатын орамалы жайлы айтылған. Өзім үйде орамалмен жүремін.

Реке

Баконя сен өзі қазақтың қызы емессің бе? Қазақтың салт дәстүрін өзгертетін сен кімсің сонша? Біз әр уақытта ата-бабамыздың салт дәстүрін сақтауымыз керек. Сен өзің не істетесең оны істе, бірақ жұртқа ақымақ ақылыңды айтпа, Келін орамал тартқаннан және келіндік қызметін атқарғаннан құл болып қалмайды, Қайта ата-енесінің алғысын алып өсіп өнеді, Егер оған ақылың жетсе...

Дастур

Негизи уи иши оз алдына. Сыртка шыкканда орамал жабуы керек. Куиеунин, ата—енесинин намысын сактап. Орамал маганасы сонда. Ботен ккисилерден шашын денесин жасыру. Енесинен емес. Енесимен бирге жуына алады.

Галым

Орамал келіннің келін екенін білдіреді, қасында күйеуі болса қалай болар еді, бұл жерде орамалдың дым ұяттыгы жоқ түсінігі бар адамға.

Динара

Ненавижу орамал. Только через 200 - 300 лет , наверное, наши женщины избавятся от диких законов.

Динара

Орамал для женщин это всё равно, что паранджа для женщин востока. Ненавижу орамал. Это позорное явление для келинок. А кто придерживается другого мнения, то он просто недалёкий и очень отсталый человек.

\Алма

БОлашактан коркамын Баконя Динара сиякты кыздарымыз кобеип кетпесе екен

Енбекказы Дүнгенбаев

Баконяң да Динараң да ақылы өте қысқа түсініктен жұрдай , əйтеу құдай жарата салған өлмей жүре берсін деп.

Калмахан Али

Келінді бастан, баланы жастан деген ата бабаларымыз . Алла Баконямен Динарага жүректерине иман берсин деп тилейікші жамагат болып. Орамалда жаткан каншама тарбие бар. Орамал ол белгі гой КЕЛІН деген статустың коронасы . Орамал тазалыктың нышаны. Бурын жесір калганда гана орамалды шешип шашын жайган. ал казир бәрі баскаша

Женис

Орамал мен баска нерсени шатастырмау керек

Бекзат

Осындай арсыз , ұятсыз кыз бала болганга біріншіден ата - анага байланысты еркек пен кыз орнын түсүндірмеген

Пікір қалдырыңыз

×