Бір ақсақал қайтыс болып оны жерлеп болғанда, Жігіт деген жігіт келіп қайтыс болған ақсақалдың інісіне:
— Талай жыл көрші болдық. Көңіліміз жақын дос адамбыз, торқалы той, топырақты өлімге ортақ емеспіз бе, маған неге уағында хабарламадың? — деп қатты ренжіпті. Басқалар тоқтау айтса да, қайталап-қайталап айтып қоймаса керек. Сонда інісі тұрып:
— Ей, Жігіт, бір істі уақыт өткен соң қайта-қайта айтып өкінгенмен бекер, егер қатты ренжігенің рас болса, дүниенің ісі дүниеде деген. Сен де әкең өлгенде досыңды шақырмай қойсаң болды емес пе, — деген екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі