Өлең, жыр, ақындар

Нөл санының табылуы мен маңызы

Ондық жүйеде нөл санының табылуы математикаға өте үлкен үлес қосты. Нөл саны табылғанға дейінгі қолданылған латын сандарында нөл болмағандықтан математикалық есептеулер өте қиын орындалатын.

Нөл үшін жеке бір белгінің пайда болуы және ондық, жүздік жүйелердің орынды қолданылуы, осы жүйені тек математикада емес, бүкіл ғылым әлемінде ең жарамды жүйелердің бірі етіп отыр. Ондық жүйенің бұл жағдайы туралы француз математигі Пьер-Симон Лаплас (1749-1827) «Әлемнің ең пайдалы жүйелерінің бірі» деген.



Ертеден келген Ислам әлемінің математигі Хорезмидің 1-9 сандарының нөл санымен бірге қолданылған арифметикалық есептердің қалай орындалатынын айқын көрсететін еңбегі ағылшын аудармашысы Еуропалық Аделард тарапынан сол уақыттың ғылыми тілі саналған латыншаға аударылып, Еуропа ғалымдарының қолдануына ұсынылды.

Ислам ғалымдары: «нөлге» арапшада бостық деген мағынаға келетін «сыфир» атауын берген. Леонардо әссыфир сөзін латыншаға аударып, латын мәтіндерінде zephirum түрінде көрсетті. Одан кейінгі жылдарда бұл өзгеру орфография түріне енді.

Еуропа әдебиетінде «Арап сандары» деп танылған бүгінгі 1-ден 10-ға дейінгі сандардың түрін Еуропаға алғаш рет білдірген, папалық тақтың ақыны және математигі Герберт болып табылады. Бұл сандарды Герберт Испанияға саяхаты барысында араптардан үйренген. Ондық санақ жүйесінің мұсылмандардан алынуымен Европа бір данышпандарының сөзімен айтқанда: “Бүкіл сандардың жауыздығынан құтылды.”

830 ж. Хорезми тарапынан жазылған еңбектің алғашқы көшірмелері Виляна Сарай кітапханасында жатыр. Бұл қолжазбалар 1143 жылдың тарихын арқалап отыр. Сален шіркеуінен табылған екінші көшірме Эдинбургта сақталынып отыр. Еуропа, ғылым әлеміне ұсынылған бұл құнды қағаздар арқылы араптардың бірлік дәрежеден бастап, сандарды оңнан солға қарай жазып оқығандарын осы еңбек арқылы біледі. Хорезмиге тиесілі бұл еңбекте; қосу және алу амалдарына қатысты мысалдар да көрсетілген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Дархан

0 санын ойлап тапқан адамға мың алғыс

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар