Ит қорқытқышыңыз - Ел аузынан

Сағат салуды салауат санаған біреу досының сағатын сұрап салып, қалыңдығының үйіне келе жетіпті. Үйге таяғанда ауыл иттері абалап, оны ортаға алыпты. Ол әтейге сағат бар қолын сілтеп, қайта-қайта жарқ-жұрқ еткізіпті. Мұны үйде отырып көрген қыз далаға шығып итті қуып, жігітті үйге кіргізіпті. Аман-сәлемнен соң жігіттің бұрын сағаты жоғын әбден білетін ол:

— Қолыңдағы «ит қорқытқышыңыз» қанша болды? — депті.

 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз