Қазақстанда мектеп оқушыларына сабақ телеарналар арқылы өткізілуі мүмкін. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында жазды.
«Біз арнайы жұмыс тобын құрдық. Оның құрамына қашықтан білім беру саласында жұмыс істейтін «Bilimland», «DDaryn.online», «Күнделік», «Univer», «Platonus», «EduPage», БИЛ, «BTS education», «U-study» және «AGS» сынды ұйымдардың өкілдері және педагогтер, әдіскерлер, мектеп директорлары, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және ЖОО проректорлары енді», - деп атап өтеді министр.
Оның атап өтуінше, бұл ретте жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Мәселен, тапсырмаларды беру, олардың орындалуын тексеру, бағалау және кері байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу қарастырылып жатыр. Білім алушылар бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылау, бағалау бойынша немесе видеостриминг сервистерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін жүйелерді іске қосу да көзделген.
«Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз. Онда бейне-сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетілетін болады. Бұл тетік, әсіресе, интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті. Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет», - деді ол.
Министр педагогтер мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту қажет екендігі де басты назарда тұрғанын айтады. Олар үшін арнайы курстар өткізіліп, нұсқаулықтар әзірленетін болады. Қазірдің өзінде мұғалімдер үшін цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша біраз видеодәрістер әзірленді. Инклюзивтік білім беру, жаңа технологиялардың қолжетімділігіне қатысты принциптер ескерілетін болады.
«Интернет провайдерлері мен байланыс операторлары бойынша ЦДИАӨМ-мен бірлесіп жұмыс жүргізудеміз. Осы кезеңде білім беру ресурстарын пайдалану барысында трафик есептелмегені дұрыс. Осы мәселе бойынша Премьер-Министр тарапынан тиісті тапсырма берілді және қолдау көрсетілді. Көптеген ірі платформалар өз қызметтерін тегін ұсынып жатыр. Бұл жұмысымызды біршама жеңілдетті. Қазіргі уақытта «Zoom» стримингтік сервисі мен «Coursera» деп аталатын ірі платформалардың бірі тегін қызмет көрсетуде. Сондай-ақ «Google Classroom», «Hangout», «Күнделік», «Moodle» жүйелерін тегін қолдануға болады. Сонымен қатар «Bilimland» платформасы өзінің 40 мыңнан астам контентін тегін ұсынды», - деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, карқынды жұмыс жүргізілуде.
«Кейде әртүрлі тәсілдер мен шешімдерді қабылдауды қажет етеді. Біз 5 сәуірге дейін ақпараттық жүйелерді дайындап үлгеруіміз керек. Оларды тиісті контентпен қамтамасыз етіп, сынап көруіміз қажет. Сондай-ақ, 6 сәуірден бастап қажет болған жағдайда жаңа форматта сабақ алуға бейімдеуге тиіспіз. Оқушылармен, студенттермен, ата-аналармен және педагогтермен бірігіп қашықтан оқытудың сапалы жүйесін құра алатындығымызға сенімдімін. Ең бастысы, біз әрдайым кері байланысты, ұсыныстар мен тың идеяларды қуана қабылдауға дайынбыз», - деді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі