Өлең, жыр, ақындар

Ысқыру үшін тіс керек

Қаратау елінің Қақы деген қариясы жас кезінде тіл алмайтын ерке болыпты. Жұмсаған адамға ол әйтеуір бір жауап тауып айтады екен. Бір күні әкесі Қақыны ат суғарып кел деп жұмсайды.

Баласы оған:

— Мен ат суғара алмаймын, — дейді. Әкесі:

— Неге? — десе:

— Менің күрек тісім түсіп қалған, — дейді баласы.

Әкесі Қақыға ұрысып:

— Ат суғаруға тістің не керегі бар? — дейді.

Сонда баласы:

— Е, ат су ішкенде, мен ысқырып тұруым керек емес пе? — депті.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер