Өлең, жыр, ақындар

Өзіміздің қойдың құмалағы

Өзі тұрған өңірдің бірсыпыра үлкен-кішісіне белгілі бір ақсақал, алыстан ат сабылтып келе жатқан жолда түстеніп шығайын деп, анадайдан көрінген қойлы ауылға ат басын бұрады. Үй иелері келген адамға үлкен қошамет көрсетіп, аттан түсіріп, төрге шығарып, астына көрпе жайып, жастық салып, сый-құрмет көрсетеді.

Азды-көпті әңгімелесіп, біраз демалғаннан кейін дастархан жайылып, сары самауырын да сақылдап келіп қалады. Дастарханға ірімшік, құрт, бауырсақ, шақпақ қант, бұдан басқа шайдың жемі толық жайылады, бір-екі жерден сары май да қойылады.

Бір сәт қадірлі қонақ ыдыстағы майдан бір іліп алып, аузына қарай апара бергенде қарайған бір нәрсені көзі шалып қалады. Аузына сала салуға дәті шыдамайды, үй иесіне көрсетпей лақтырып жіберудің тағы ыңғайы келмейді. Басқа амал бол- мағандықтан, ол ыңғайсызданғандығын білдіріп, «мы... мынау» дей береді.

Маймен бірге ілінген қойдың құмалағы болып шықты. «Ұтылған тек тұрмас» деген, сонда шай құйып отырған келіншек жұлып алғандай:

— Е, Құдай, өзіміздің қойдың құмалағы қой, — депті-ау.


Пікірлер (2)

Жанайым

Қызық

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз