Өлең, жыр, ақындар

Конь пришел, балуан упал

Қазақстанның он бес не жиырма жылдығында той жасап, бұрынғыдай бәйге тіккен. Сонда Қарабұтақ аудандық партия комитеті келмей қалған екен. Оның бәйгеден аты келген де, балуаны жығылып қалыпты. Сонда Нұрқасым секретарьға телеграмма берген: «Конь пришел, балуан упал» — «Атың озды,балуаның жығылып қалды» дегені екен.

Бірде Нұрқасым ауылдық банкідегі ақшаның бәрін жұмсатып қойған екен. Сонда облыстық банк бастығы Арнабаев деген облыстық пленумда Нұрқасымды сынаған екен. Сонда Нұрекең: «Арнабаев ойранға говорить, когда его видел, он ходил без домбал. Что говорить, Арнабаев ерунду говорить, когда секретаром был, он без штанов ходил», — деген екен.

Бір адам: «Айналайын үкімет, баласың-ау, кім бұрын айтса, соған нанасың-ау», — депті. Жиырма-отызыншы жылдары жаламен көп адам жоқ болды. Сотталды, қуылды. Соған дымы құрығанда айтқаны болса керек.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз