Бір соқыр, бір таз, бір жалақ үшеуі жолдас болыпты. Бұлар жолаушылап бір жат елген келе жатып: «Жат елге сырымызды білдірмейік» деп уәде қылыпты. Бір үйге түсіп отырғанда таздың басы қышып шыдатпапты. Таз қанша сабыр сақтаса да, шыдай алмай, сылтауратып әңгіме бастапты:
— Әкеміз асқан батыр, ат үстінде мықты болған екен. Қамшыдай қайың сойылды қарына іліп алып, бұршақ бөркін екі шекесіне қырындата былай-былай ауыстырып киіп алады екен, — деп басын олай-бұлай қасып-қасып алыпты. Мұны соқыр біліп қалып, өзіне лайық әңгімесін бастапты.
— Менің де әкем өте мерген еді, сала құлаш садақпен қара көзді құралайды, көздемей атып түсіруші еді, — деп көзін ұқалап-ұқалап алыпты.
Бұлардың мұндай қулығын жалақ та сезіп:
— Сырларыңды білдім-білдім, әлду-бәлду бәрі өтірік, япырай, япырай, — деп ернін жалап-жалап алыпты.
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі