Өлең, жыр, ақындар

Оқушылардың төртінші тоқсаны кейінге шегеріле ме

Ешқандай кедергі болмаса IV тоқсан өз мерзімінде аяқталуы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Онлайн конференцияда мектеп оқушыларын ІV тоқсанда қашықтан оқыту мәселесі айтылды.

«Ешқандай кедергі болмаса және басқа да мәселелер туындамаса IV тоқсан өз мерзімінде аяқталуы керек. Дәстүрге сәйкес, 25 мамыр күні біз төртінші тоқсанды аяқтаймыз. Осыған байланысты сұрақтарды түсінемін, себебі көктемгі демалыс күндерін кішкене создық. Әдетте каникул екі апта болатын, осы жолы үш апта болды. Мұндай мәселелер бізде жиі кездесіп отырады. Мұндай кезде кейбір тақырыптарды біріктіріп оқытуға мүмкіндік бар. Видео сабақтарды да осындай тәсілмен дайындап қойдық, сондықтан бағдарламаларды қуып жетіп, барлығын қамтитын боламыз», — дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер