Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.
Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты - оқушының шет тілінде дайындықсыз сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Біз шетел тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Шет тілінде сөйлеудің негізгі мағынасы - адамның әлеммен қарым-қатынасы, адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің негізгі объектісі - адамның шыншыл өмірмен байланысы. Биляевтің ойынша, шетел тілін игеру – бұл басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару. Сөйлеудің құрылымына тоқталатын болсақ, оны психологтар былай көрсетеді. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Шет тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда шет тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады. Ол қарым-қатынас жасап отырған қимыл іс-әрекет негізінде көрінеді. Мысалы: бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау, сондай-ақ қаламды әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту, т.б. Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты - күтілетін қорытынды. Бұл бөлімде сөйлеу мынадай қызметтерді ғана атқарады. Атап айтсақ, не үшін, неге және не айту керек деген сияқты. Сөйлеуді қалай жүзеге асыру сөйлеудің 2-ші бөлімінде, яғни аналитика - синтетикалық бөліміне қатысты. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді. Шет тілінде ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ), оны ойды жеткізу үшін сөйлеу бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса, оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады. Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді әртүрлі белгісіне қарап есте сақтай алады. Жазу кезіндегі бірдей дыбысталу «two-too one-won, see-sea»- мағына жақындығына байланысты. Мысалы: «small-little» - мағынасының қарама-қарсылығына байланысты - «answer-ask». Cөйлеу кезінде синтагматикалық байланыс та үлкен рөл атқарады. Яғни, басқа сөздермен сәйкес келу негізінде, мысалы: «order» деген сөз келесі сөз тіркестерінде қолданылады. Оrder-something (order dinner, order breakfast, a new coat, etc.), order to do something (order to stand up, to close the door, to stay in bed), give an order to do something (to stand up, to stay after classes). Осы сөздердің таңдалынып алынуына сөйлеушілер арасындағы қарым-қатынас лексикалық сөздік қорлары қатысты құралдарды таңдап алу процесінде мынадай жағдайлар іске асады:
1. Күнделікті қолданылатын шет тіліндегі бірліктер: «Good afternoon», «Тhank you», «Мy name is», «I am on duty», «Мay I come in?».
2. Сөздердің орнын ауыстыру және құрылымын өзгерту. Мысалы: «My name is» деген дайын тіркестен «name is» бірлігі өзгеріссіз қалып, «my» түрін «his, her немесе my sister’s» деп ауыстыруға болады.
Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден, ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып, 2-ші жағдайда, грамматикалық құрылымы іске асады. Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап алады, ал ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу құрылымының 3-ші бөлігі ойды жүзеге асыру бөлімі: Сөйлеу тыңдау, оқу және жазумен тығыз байланыста.
Тыңдау мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу бұл тікелей оқумен байланысты. Яғни, сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым-қатынасын дәлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты. Мысалы, оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарылата түседі.
Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін немесе үй тапсырмасына беруге болады. Баланың іздену қабілеті дамиды. Тексеру кезінде баланың жіберген қателеріне көңіл бөлмей, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне, өз бетінше жұмыстанан мәтіннің құрылымына көбірек назар аударған жөн.
Сөйлеу монологтық және диалогтық түрде жүзеге асырылады. Ол методикалық мақсат негізінде де жүзеге асады, яғни әрбір сөйлеу формаларының лингвистикалық ерекшеліктерін көрсету негізінде. Монологтық ойлауға ойды толық жеткізу және бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме тән. Диалогтық сөйлеу сөйлеу клишелерін және элиптикалық сөйлемдерді қолдану негізінде жүзеге асады. Мысалы, сөйлеу практикасында жалпы сұрақтарға «иә, жоқ» деген қысқа жауап ала аламыз. Оқушылар көбінесе мұндай жауапқа қанағаттанбай, толық жауап сұрайды. Мысалы, «Іs it tuesday today?» деген сұраққа «Үes, it is» немесе «Үes, it is already Тuesday today» деп жауап беруге болады. Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай мысалдар келтіре аламыз. «Is it an English book or Russian one?» сұрағына «It is a Russian one» немесе «a Russian one» деген жауап ала аламыз. Арнайы сұрақтарға мынадай жауап ала аламыз «What is red. The flower is who will go to the cinema. My brother will» деген сияқты жауап алуға болады. Монологтық сөйлеуге «хабарлау» деген мінездеме бере аламыз. Оларға мынандай мысалдар көрсете аламыз. Мысалы, оқушылар «Қайда оқимыз?» немесе «Бүгін қай күн?» деген сөздерді ағылшынша жеткізе алу қажет.
Шет тілін оқыту кезінде оқушылар сөйлеуге ұмтылады. Тіпті оқушылардың лексикалық сөздік қорлары минималды дәрежеде болса да, олар тілдің коммуникативтік қызметін сезіне бастайды. Шет тілін оқытудың алғашқы жылдарында оқушыға сұрақтарды қою, оған жауап беру, т.б. сияқты ұсақ сөйлеу бірліктерін оқытушы сұрайды. Сөйлеу кезінде оқушы кем дегенде үш сөйлем, монологтық сөйлеуде сөйлеу дайындықсыз іске асады, яғни тілдің тіл материалының көлемі бес сөйлемнен кем болмау керек. Оқытудың екінші жылында диалогтық сөйлеу кезінде әңгімені жүргізе алу қабілеттілігі болу керек, ол сұрақ пен жауап, ұсыныс, бұйыру негізінде жүзеге асады. Ол тікелей тілдік мәтіннің бағдарламасына қатысты болуы керек және ол төрт сөйлемнен кем болмауы қажет. Кейбір монологтық сөйлеу күрделірек, яғни оның көлемі жеті сөйлемнен жоғары болуы керек.
Сөйлеудің оқытудың мазмұны кезінде 3 компонентті бөліп ала аламыз. Олар: лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік. Лингвистикалық бөлімнен бастасақ, бұл кезде сөйлеу оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бұл тілдік бірліктермен тікелей қатысты: сөз, сөз құрылысы, лексикалық мәтін, лексикалық минимум т.б. Таңдалып алынған тілдік мәтін сөйлеудің алғашқы сатыларында-ақ жүзеге аса бастайды. Оқушылар тілдік материалды сөйлеу бірліктері негізінде жүзеге асырады. Олар мына түрде жүзеге асады. Олар: «Here is the book» немесе «There is a lot of books on the shelf» немесе «What is on happy birthday to you» немесе диалогты түрде келе алады. «Please, give me that book.», «Here you are», «Thank you», «You are welcome» немесе бір-бірімен қатысты сөйлеу түрінде кездеседі. Мыс: «Mr.John White lives at sixteen, forest road, green town, England. His house is not very large, but it is not small either. It has a ground flower». Сөйлеудің лингвистикалық бөлшегін айту кезінде сөздің экстралингвистикалық бөлімшесін ұмытпаумыз қажет, дәлірек айтсақ, ым, қол сілтеу, бас шайқау, т.б. құралдар. Мысалы, шет тілінде кейде мұндай ым-ишараларды оқушылар көп қолданбайды. Бұл қате құбылыстар, мысалы, 1,2,3 деп санау кезінде қазақтар саусақтарын бүксе, шетдар саусақтарын жаяды. Сөйлеуді оқытудың мазмұнының 2-ші компоненті - психологиялық компонент, яғни экспрессивті сөйлей алу қабілеттілігімен дағдылану. Ол, мысалы, белгілі бір мәтінді оқытушыдан есту кезіндегі репродукция операциясы арқылы іске асады. Психологияда неғұрлым оқушы кішкентай болса, соғұрлым бұл операция жеңіл өтеді. Мыс: 2-ші сынып оқушылары жеке сөздер, сөз тіркестері тұрмақ, белгілі бір мәтінді қағып алу қабілеттіліктері жоғары. Репродукция толық және бөлшектік болады. Мыс: толық репродукция «We speak, read and write in the lesson». Бөлшектік репродукция оқушы өз ойын жеткізу негізінде жүзеге асады. Мыс: «This is a blue pencil». Оқытушы (көк қарындашты көрсетіп тұрып айтылатын сөз тіркесі). Сөйлеудің келесі бір маңызды құбылысы - бұл сөздердің грамматикалық құрылымын өзгерту. Мыс: «I live in Astana. Arman lives in Astana» деген сөзде «I» - «to be» етістегі «Arman»-ға өзгерді. Ол тікелей етістіктің өзгеруіне әкеліп соғады: «live-lives». «Nick is reading a book. Nick reads a lot». Бұл сөйлемде «Present Progressive» – «Present Simple»-ға айналады. Грамматикалық құрылымды өзгерту кезінде сөйлеу, өз ойын жеткізу және лексикалық дағдылар да қалыптасады. Сөзді жеткізе алу құбылысы сөздердің мағыналарын кеңейтумен де байланысты. «I have got a book. I have got an English book. I have got an interesting English book. I have got an interesting English book at home». Бұл құбылыс грамматикалық құрылымды өзгертумен де байланысты. Ол сондай-ақ жадыдағы лексикалық сөздік қорға сөзді айту дағдысына ритмға, мелодияға қатысты. Психологиялық бағдарламада экспрессивті сөйлеуге мынадай мінездеме бере аламыз:
1) Сөйлеу әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген, бұл мінездеме шет тіліндегі экспресcивті сөйлеуді жүзеге асыру, сөйлеудің алғашқы сатыларына тән. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру оқушының «сөйлегісі келу» арманына қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей қатысты, мысалы, бұл құбылысты жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқушының қайырымды қарым-қатынасы, т.б. Мысалы, оқушы «my pet» деген тақырыпқа қызыға талқылама жасайды. Олар өздерінің сүйікті үй жануарының суретін, ойыншығын алып келіп, сыныпта әңгіме жүргізе алады.
2) Сөйлеу аудитория үшін арналған және тыңдаушыға бағытталған түрде бола алады. Яғни, біз сөйлеу кезінде сөзімізді белгілі бір адамға бағыттап, ойды бөлісіп, дәлелдеп сұрай аламыз. Мысалы, оқушы белгілі бір нәрсені айту кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым-қатынас жасап отырған адамға қатыстыруы қажет.
3) Сөйлеу әрқашан эмоционалды боялған түрде бола алады. Яғни, сөйлеуші айтып тұрған объектіге өзінің сезімін, қатысын білдіре алады. Сөйлеудің бұл мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты. Мыс: «my pet» деген тақырыпта «I like my dog very much» деген сөйлемде «like» деген сөзді белгілі бір екпінмен айта алады.
4) Сөйлеу арқашан алдын ала келісу негізінде жүзеге асады. Мыс: оқытушы оқушылардын белгілі бір нәрсені сұрау алдында оқушылардың бұл тақырыпқа қатысы бар ма, лексикалық қорлары жете ме, оқушы санасына сай ма деген сұрақтарға жауап беріп алу қажет.
Сөйлеудің психологиялық бағдарламасында да лингвистикалық мінездеме секілді екі түрлі жүзеге асыру бар: монологтық және диалогтық. Монологтық сөйлеу логикалық құрылған сөйлемдері, бір-бірімен қатысты белгілі бір мақсатқа бағытталған бір адамның сөзі. Монологты сөйлеуді жүзеге асыру үшін оның мынадай сатылары бар.
1) не жайлы айту. Алғашқы сатысында заттың атын айту, оның түсін көрсету, мөлшерін, орналасуын, қатысын, өзінің сол затқа қатысын көрсету т.б.
2) жаңағы сөйлеу бірліктерін жинақтап, қайсысын айту керегін таңдау.
3) Жадыдағы тілдік бірліктерді құрастырып, оларға эмоционалды анық бояу беру.
Диалог - бұл екі не одан да көп адамдардың сөйлеу кезіндегі қарым қатынасы. Біреуі - тыңдаушы, біреуі - сөйлеуші бола алады. Диалогтық сөйлеуге бағдарлама жасау мүмкін емес. Монологтық сөйлеуден айырмашылығы диалогтық сөйлеуде ым-шараларды қоса қолданамыз. Мыс: «Are you going home?», «Does Pete live far from school?», «Yes», «Where are you going?», «I’m going home.», «You will stay after classes, won’t you?» «I can’t.», «Can you play football or hockey?», «Let’s play» немесе
К: Hello, Mike?
М: Hello ,Kate it’s nice to see you!
К: Are you glad to be back to school again?
М: I’m, but it was nice to have holidays. I was out-of-doors all day long. I had a lot of fun and what about you?
К: I had a very good time too. I often went to the stadium and played with my friends.
Сөйлеудің үшінші компоненті - әдістемелік компонентіне келер болсақ, сөйлеу - бұл қиын процесс. Шет тілінде сөйлеуді оқытуда әртүрлі құбылыстарға қатыстыра аламыз. Ол көру және есту, вербальды немесе вербальды емес құбылыстар. Оқытушы осы құбылыстарды жақсы қабылдауды іске асыру қажет. Қарапайым сөзбен айтқанда, оқушы тапсырманың негізгі мағынасын түсінуі қажет. Мысалы, «agree or disagree» жаттығуды көрсете аламыз. Оқытушы белгілі бір сөйлемдерді айтып отырады. Оқушы оған келісіп немесе келіспеуі керек. «Teacher: You usually have got a cup of tea for breakfast». Егер оқушы келіссе, «Үes» деген карточканы алады да, артқы сөйлемін өзі жалғастырады. «Pupil: Yes, I usually have got a cup of tea for breakfast». Тағы бір мысал келтірсек, сөйлеудің алғашқы сатыларында суреттерді қолдану кең жүзеге асады. Суретті көре тұрып, оқушы шет тілінде бұл жайлы не айту керектігін ойланып алу қажет. Есіне түсіре алмай қалған жағдайда көмекке мұғалім келеді.
«Бұл үш компонент бөлек-бөлек емес, керісінше өзара тығыз байланыста болады» деп пайымдайды Г.Нойнер. Қазіргі кезде мұғалім үшін осы үш компонентті пайдалану оқушылардың дайындықсыз сөйлеу қабілеттерін дамытуға тиімді.
Бегімбаева Назерке Мұратқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі