Осы күнгі Шаян аудандық партия комитетінің қызметкері Мырзахмет Сүлейменов деген жігіт 1940 жылдары Шәуілдірде отырады. Қажымұқанмен қарым-қатынасты болады. Есігінің алдында кішігірім сандықтай бір тас жатады. Он-он бес адам жабылып, қозғалта алмайды. Бір күні Қажымұқан келіп қалады. Балуан жақындап келе жатқаннан:
— Құдай маған осы тасты алып тастайтын Рүстемдей бір дәуді бермеді?! — деп Қажымұқанды ызаландырады.
— Рүстем ауылыңда жүргенде неден састың? — деп, Қажымұқан әлгі тасты екі қолымен көтеріп, лақтырып жібереді.
Шамасы 30-40 пұт болса керек. Мұны 1945 жылы Шәуілдірге барғанымда, Қажымұқанның алдында Сүлейменнің өзі айтты.
Сол сөзіне балуан:
— Тұқымы оңбағырдың баласы, сол жолы бір белім кілт ете қалып, екі-үш күнге дейін ауырып жүрді, — деп күлді. Бұл 70 жасында істеген қайраты.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі