Ескелдінің үлкен атасы Жанғабыл батыр әйгілі Әлібекұлы Төле бимен бастас, қадірлес, құда болған. Төле бидің Ұлбике деген қызы Ескелдінің анасы. Ескелді дүниеге келіп, Төле биден сүйінші сұрапты дейді.
Сонда Төле би: «Тілекті Алла ескерді, Жалайыр еліне ескелді, баланың аты Ескелді болсын. Елінің есіне ес қосылып, халқының қамын ойлайтын азамат болсын!» — деп батсын беріпті.
Ескелдінің ат жалын тартып мініп, ел ісіне араласқан кезі — Жоңғар шапқыншылығының өршіп, әсіресе Жетісуды қоныстанған қазақ ру-тайпаларының зор күйзеліске ұшырауымен тұспа-тұс келеді. Жойқын шапқыншылық жылдарында Жалайыр елі ата қонысынан ауа көшіп, Сыр бойына ығысуға мәжбүр болады. осындай қиын-қыстау кезеңде Ескелді би өзінің әйгілі үзеңгілестері Балпық би, Орақты батыр, Қабан жырау сияқты елге тұтқа азаматтармен тізе қоса қимылдап жүріп, атамекеннен жаудың іргесінің түрілуіне мұрындық болады. Ескелді алғаш рет жоңғарлармен болған Іле-Бақанас шайқасында (1723) батырлығымен көзге түседі. осы соғыста жоңғарлардың Жетісудағы ең берік бекінісін бұзып, Ескелді батыр бастаған қол Қабанбай батырдың әскеріне қосылды. Күш біріктірген қазақ қосындары түріле қашқан жоңғар жақтарына Жоңғар қақпасының түбінде соққы беріп, зор шығынға ұшыратады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі