Өлең, жыр, ақындар

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы «Фараби әлемі»

Қазақстанда 2020 жылдың 19-наурызынан бастап елдегі, әлемдегі төтенше жағдай «короновирус» індетіне байланысты карантин енгізілді. Сол себепті барлық мекемелер қашықтықтан жұмыс тәртібіне көшті. «Үйде болыңыз» ұранымен жергілікті жерлер мен аймақтар онлайн түрде қызмет атқарып жатыр. Кезекті өткізілетін конференциялар, жиналыстар, тойлануы жоспарланған мерекелер, жалпы алғанда - іс-шаралар тоқтатылып, кейінге қалдырылды. Төтенше жағдайдың мерзімі белгісіз болғандықтан, студенттер қашықтықтан оқытылып, Халықаралық Фараби оқулары онлайн режимге көшті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрге айналған VII Халықаралық Фараби оқулары 2-сәуірден бастап салтанатты түрде ашық деп жарияланды. Бұл форум аталып тұрғандай халықаралық деңгейді қамтыған ғылыми іс-шараға айналды. Сонымен қоса еліміздің және шетелдік жас ғалымдардың баяндама жасап, пікір алмасуына үлкен мүмкіндік беретін ғылыми кеңес. Бұл конференцияның ҚазҰУ жастары үшін маңызы орасан зор. Төтенше жағдайға қарамай университетіміз өз жұмысын жалғастыруда. Тарих, археология және этнология факультеті студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты ғылыми конференциясы жоспар бойынша, 2020-шы жылдың 6-9 сәуір аралығында өтетін болып белгіленді. Осыған орай 6-сәуірден бастап күні жас ғалымдардың конференциясы онлайн түрде өтті. Факультеттің басшылығымен, ұйымдастырушы және модератор оқытушылар тағайындалды. Ұйымдастырушылардың тізімі төменде көрсетілді.

Ұйымдастыру алқасының төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА-ның академигі – Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы.

Факультет бойынша төрағаның орынбасарлары: Тарих, археология және этнология факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор – Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы; Тарих, археология және этнология факультеті деканының ҒИЖ және ХБ жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент – Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы; Тарих, археология және этнология факультетінің СҒЗЖ жөніндегі жетекші, магистр – Есбай Серікбол Бақытұлы.

Ұйымдастыру алқасының мүшелері: Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі, профессор – Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы; Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор – Султанғалиева Гульмира Сәлімжанқызы; Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, PhD – Жұматаев Ринат Серікұлы; Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісінің ҒИЖ және ХБ жөніндегі орынбасары, PhD – Байдавлетова Мадина Досбергенқызы; Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісінің ҒИЖ және ХБ жөніндегі орынбасары, магистр – Дюсембекова Жанна Қуанышқызы; Археология, этнология және музеология кафедрасы меңгерушісінің ҒИЖ және ХБ жөніндегі орынбасары, PhD – Иманбекова Алфия Амангелдіқызы және факультет оқытушыларының құрамы.

Университетіміздің басшылығына, жетекшілеріне және ұйымдастыру алқаларының мүшелеріне магистранттардың, докторанттардың, студенттердің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Әрқашанда еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әлемді жалмаған індеттің жақын күндерде жойылып, сәтті күндердің белең алуын  тілейміз!

 

Тарих, археология және этнология

факультетінің 2 курс магистранты:

Н.С. Тастанбек

Ғылыми жетекші:

т.ғ.к., аға оқытушы, Беделова Г.С.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз