Өлең, жыр, ақындар

Ақымақ арыстандар

Африка құрлығының батыс бөлігінде орналасқан Танганьика өзеніне қарай бір топ арыстан ақырып келе жатады. Арыстандардың ақырған даусын естіген маймыл шошып кетіп, ағаштың басына өрмелеп шығып кетеді. Бірақ тез арада келін қалған арыстандарға маймыл:

— Ей, арыстандар, сендер босқа ақырмаңдар. Бұл аймақ сендерге қарамайды, — дейді.

— Өй, ақымақ, сүйкімсіз неме? Өзің бізге не деп тұрсың? Менің ататегімді атағанша, атымды неге білмейсің? — деп бір қарт арыс-тан ашуланып тіл қатады.

— Кешіріңіз, есіміңіз кім?

— Менің атым Ривун. Ривун мырза, аң патшасы десең болады. Мен мына тұрған туысқандарымның ішіндегі ең үлкені боламын.

— Жақсы, Ривун мырза. Тағы да айтамын. Сіз қырда, шөлде, сөз жоқ, мықты шығарсыз. Алайда мына көлдің маңында күшті емессіз. Бұл маңның өз атаманы, қожайыны бар.

— Не деп тұрсың, сүйкімсіз кеще неме? Жерге түсші, жеп қояйын сені.

— Сабыр, сіз момын жануарларға тиісе бермеңіз.

— Құдай тек бізді ғана жыртқыш етіп жаратты. Сондықтан біз бәрінен күштіміз.

— Тапқан екенсің. Қазір мен судағы мыңдаған күштінің бірін шақырсам, әліңіз жете ме?

— Жетеді. Мен оны жеп қоямын.

— Солай ма?! Ендеше көрейік, — деп маймыл ысқырып жібереді.

Сол кезде өзеннің жағасына бірнеше қолтырауындар шыға ке­леді. Ішіндегі біреуі маймылдың бетіне қарап:

— Не болды? Неге шақырдың? — дейді.

— Мына тұрған арыстан, дәлірек айтқанда, Ривун мырза, дүние жүзіндегі ең күштімін дейді өзін.

— Бұл Ривун оттаған екен. әлемде ең күшті біз боламыз.

— Ей, ақымақ қолтырауындар. Не деп тұрсың бізге. Мен сен-дердің бәріңді тойып жемесем бе? — дейді арыстан.

Сонда бұтақта отырған маймыл:

— Бәрі де әділ өтсін. Жалғыз Ривун мырзаға барлықтарыңыз жабылмаңыздар. Іштерінде әлсізі, тәжірибесі азы қайсы, сол Ривун мырзаға айқасқа шықсын. Ал мен болсам әділқазы болайын.

— Жақсы, — деді бір жасы келген азулы қолтырауын. Ол жан-жағына қарап алып былай дейді. — Мына тұрған, жас, тәжірибесі аз Виват есімді омыртқасы әлі бекімеген қолтырауын айқасқа шықсын.

Осы кезде қарты арыстан Ривун қулыққа көшіп, ішіндегі ең күштісіне:

— Ямун, сен анау тұрған оңбағанмен жекпе-жекке шық та, аямай өлтір, — дейді. Ендігі сөзін қолтырауындарға арнап, шарт қояды.

— Ей, ақымақ қолтырауындар, егер менің Ямуным жеңсе, сендер мына өзеннен біржолата кетесіңдер. Бұл мекен бізге қарайтын болсын.

— Жақсы, келістік, — деді қарт қолтырауын. — Есіңізде болсын, менің есімім — Нуркаин.

— Атыңды білгім келмейді. Кәне, Ямун дайындал.

Осы кезде бұтақта отырған маймыл жерге түседі. Қазылық жасауға кіріседі. Бұл уақытта Виват пен Ямун арасындағы жекпе-

жекті тамашалауға қолтырауын, арыстаннан басқа сусиырлар, пілдер, буйволдар, тотықұстар, зебралар, құмырсқалар — бәрі жиналып қалған болатын.

Маймыл:

— Бір, екі, үш, басталды, — деп барабан соғады.

Арыстан айқайлап келіп қолтырауынды тістей жөнеледі. Алайда терісі қалың әрі қатты қолтырауын ауырсынуды сезінбейді. Қалай дегенде де жыртқыштың қаны бар Виват құйрығымен Ямунды бір ұрады, екі ұрады, үш ұрғанда арыстан әлсіреп құ-лап қалады. Виват шап беріп Ямунды жей бастайды. Осыны

көрген Ривун ішіндегі ең күштісін жеген тәжірибесі аз, жас қол-тырауынның күштілігін іштей мойындап қаша жөнеледі. Сол сәтте оның артынан басқа арыстандар да ілесе кетеді. Бұны көр-ген басқа аңдар:

— Ұят-ай. Аң патшасы деп жүрген арыстан күшті емес. Қайдағы жас қолтырауынға жем болды. Әлемде ең күшті жануар — қол-тырауын, қолтырауын, қолтырауын, — деп жатты.

Ал қарт қолтырауын Нуркаин болса маймылға:

— Бүгін сен жарадың. Алдағы уақытта бізге жемтіктерді алып келіп тұр. Шетінен бәрін жеңіп, тойып жейтін болайық, — деді.

Бұл кезде қолтырауындар арыстанды бөлшектеп алып, апыл-ғұпыл жеп жатқан болатын. Ал сусиыр болса іштей: «Шіркін, егер менде де сендер сияқты жыртқыштық қасиет болғанда ғой» деп қолтырауындардың сүйсініп жеп жатқан жемтігіне тесіле қарап қалыпты.

Сол кезден бері арыстан қанша жерден шөлдесе де өзен-көл­шіктерге көп жақындамайтын болыпты. Алайда мақтанып, кө­піріп сөйлегенді ұнататын арыстан қырда, шөлде мінез көрсетуді тоқтатпапты. Анда-санда көлшікке су ішуге келеді екен. Су ішейін деп тұрғанда қолтырауынды көрсе: «Сен тек өзен-көлшікте ғана күштісің» деп оған ақырмаса да, азу тістерін көрсете-тіні осыдан қалса керек.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз