Өлең, жыр, ақындар

Үш тілді білім беру – заман талабы

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Данабай Оңталап Асқарұлы
Қазақстан Республикасы, Атырау қ.

«Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы – мемлекет тіл, қазақ тілі».
Н.Ә. Назарбаев

Аннотация. Мақалада қазақ елінің Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы, Ұлт көшбасшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Үш тұғырлы тіл саясаты» бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызды екені айтылады. Еліміздің әр азаматы әлемнің кез келген мемлекетінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу керек. Білім беру реформасының басты нәтижесі осы болуы тиіс. Сапалы білім беру қызметіне қол жеткізе отырып, болашақ іргесін мықты ете аламыз. Әрине, ол үш тілді игеру арқылы жүзеге асады екені хақ.

Негізгі сөздер: үш тілділік, Елбасы, көптілділік, үштұғырлы тіл, ғылым, шығармашылық, әдіс, білім.

Еліміздің болашақ бағдарының оң әрі табысты болуы үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Бәсекелестік қабілет», «Үш тілде білім беру», «Компьютерлік сауаттылық», «Шет тілдерін білу», «Мәдени ашықтық» сияқты факторларға ерекше көңіл бөлуді ұсынады. ХХІ ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу – бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі кезде әр қазақтың кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр. Өткеннен сабақ ала отырып, болашақтың қоржынына өзіміздің халықтық қасиетімізбен, жаңарған болмысымызбен, терең ой-санамыз, сапалы дүниелерімізбен үлес қосу – жаһандану кезеңінінің табалдырығында тұрған біздер үшін аса маңызды іс. Елбасының сөзімен айтқанда, «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет».

Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп атаймыз. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - ғажап тіл, сан ғасырлық тарихы бар тіл. Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұра. Егемендігіміздің арқасында еңсесін тіктеп, күретамырын тереңнен бойлаған төл тіл.

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді.Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып
табылады. Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды.

Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды. Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары жүйесін негіздеп,олардың педагогикалық,психологиялық шарттарын жасау арқылы айқындалды.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада:

- бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы;

- ұлттық мектеп бітірушілерді жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі;

- болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы;

- аз ұлт өкілдерінің этникалық ерекшеліктерін сақтаумен бірге олардың жалпы қазақстандық экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістерге толыққанды қосылуына жағдай жасау;

- мектеп бітірушілерінің коммуникативтік және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020-шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көп тілді білімі бар педагогикалық кадрларды даярлау іске асырылуда. Оны жүзеге асыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында базалық пәндер циклында шетел тілінен сағаттар санын арттыру және оқудың типтік бағдарламаларында өзгерістер енгізу арқылы жүргізіліп жатыр, әсіресе, пәнді үш тілде оқытатын педагогикалық кадрларды дайындауға байланысты.

Қазақ елі әлемдік қоғамға кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениеті жоғары ХХІ-ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілеңдіру қажетті мектеп пен коғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны аныкталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін қазақ және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріліп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу кабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл бшім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін окып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады. Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым-қатынае жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. «Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,-Б. Хасанұлы анықтама бергендей, бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда.

Қорытындылай келе, жаһандану жағдайында ағылшын тілін еркін меңгеру инновациялық технологияларды игеруге, ғылыми идеяларды және білім бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлттың дамып, «Мәңгілік Ел» қатарына қосылу үшін бірінші кезекте ұлттық кодыңды сақтай отырып, жаһандану дәуіріне өзіндік ұлттық ерекшелігімен дендей еніп, әлем мойындар бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарына қосылу. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұғырнамасында таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз, адами қатынас тәсілдері, барлығы түбегейлі өзгеруі мүмкін екендігін әрі қазақстандықтардың әрдайым осы түбірлі өзгерістерге дайын болу қажеттілігі ескеріледі. Бұл – баршамыздың әрқашан жаңа жүйелер мен өзгерістерге, жаңаруға дайын болуымызды есімізге салады. Осыдан келе жаһандық әлемге еркін кіруіміз үшін осындай аталмыш ауқымды мәселелерге немқұрайлы қарамау қажеттілігі туындайды. Елбасы айтқандай: «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі».

Сөз соңында, қанша тілді меңгерсең де, қанша әлемдік мәдениеттің биік өнертабысына қол жеткізсең де, өзіңнің ұлттық кодыңды сақтап, ұлтымыздың мәңгілік байлығы – туған тұғырлы тіліміз бен халықтық құндылықтарымызды ешқашан ұмытпауымыз керектігі әрбіріміздің жадымызда жүруге тиісті.

Әр қазақ өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейік.
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
  2. Ақиқат. 2011 жыл, №5. «Қазақ тілін білу - әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХVІІ сессиясында сӛйлеген сӛзі.
  3. www.egemen.kz
  4. Нұртазин Т. Сөз құдіреті.- Астана: Ер-дәулет, 2007.
  5. Қанатты сөздер – ЛингваАрт 2006-2016. 6. Облыстық ―Аймақтық үш тілділікті дамыту бағдарламасы‖, Өскемен. 2015ж.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз