Мағзомова Ардақ Әнуарбекқызы
Атырау қ. № 34 көпсалалы мектеп-гимназия
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазіргі қоғам дамуындағы ең басты факторлардың бірі – оқушыға жүйелі, жан-жақты білім беру мен тұлғаны қалыптастыру. Мектепте тек білім беріп қоймай, бойына адами құндылықтар дарыған ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыға өз ойын басқа біреуге жеткізе алу үшін коммуникативтік дағды мен білік игертіліп, тіл үйретіледі. Мұғалім өзі жаңа технологияны жете меңгермей, оқушыға тілді үйрете алмайды. Қазіргі мектептерде сабақ жаңа технологияны іске асыру арқылы, оның элементтерін орыс тілді үйретуде дұрыс қолдану арқылы жүзеге асады. Мұғалімнің шеберлігі оқушыны түсінуден, онымен рухани қарым-қатынаста болудан тұрады.
Орыс тілімізді биіктен көрсету , басқа ұлт балаларына орыс тілін үйрету – басты мәселе. Орыс халқының сұлу, әдемі тілін басқа ұлт өкілдері оқып-үйреніп, таза сөйлеуі – орыс тілге деген құрмет.
Орыс тілі жастарға ертеңгі күні өмірге араласқанда, қызметіне көмегін тигізетін болу керек. Орыс тілі пәні мұғалімінің әлеуметтік дәрежесін қалыптастыруға негізгі мақсат – шығармашылықпен жұмыс істеу, өз білімі мен біліктілігінің нәтижесін көрсете білу.
Қазақ мектептерінде орыс тілін оқытудың:
- практикалық мақсаты – оқушылардың сөздік қорын байыту, орысша ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, бір-бірімен сөйлесуге, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша әңгімелеп беруге жаттықтыру;
- Білімділік мақсаты – орыс тілін пән ретінде оқыту арқылы оқушыларға орыс халқының тұрмысы, мәдениеті, тілі туралы мағлұматтар беру;
- Тәрбиелік мақсаты – орыс тілімен танысу арқылы оқушыларды азаматтық, адамгершілік рухта тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу.
Орыс тілді үйрену арқылы оқушылар орысша ауызекі сөзге түсініп, өздері орыс тілінде көріп-білгенін, оны айтып, жаза алатын дәрежеге жетеді.
Сабақ – мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады.
Шәкірттердің бойына терең біліммен қатар, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – мұғалімнің міндеті.Әрбір ұстаз оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты техникалық құрал-жабдықтармен, көрнекілікпен күрделендіру керек.
Мен алдыма қойған мақсатым – балалардың сөздік қорын байыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, нәтижесінде білген-үйренгенін өзінің күнделікті өмірінде пайдалануға дағдыландыру.
Жоғары динамикалық қоғамдық даму барысы мен кең хабарлы ағында оқушылардың белсенділігін арттыру және олардың өмірдегі келелі мәселелерді шеше білуге ,өзіне қызмет етуді үйрету - өзекті мәселелердің бірі. Оқушылардың өз бетімен оқу жұмыстары – оқу-тәрбие барысында жоғары нәтиже беретін амал. Оқушылардың зерттеу қызметі жеке тұлға сапасы мен даму қабілетін арттырудың бірден-бір жолы деп саналады.
Жобалау технологиясының ерекшелігі – оқу құралының орнына көптеген зерттеу материалдары қолданылады.
Жобалық оқыту – оқушылардың өзіндік шығармашылық қызметі. Бұл - жобаны іске асыру, орындау барысы, ақпарат іздеу, жинаған материал бойынша қорытындылау, талдау. Жобалық оқытудың мақсаты – оқушылардың мектеп қабырғасында іскерлік қабілеттерін арттыру.
Бұл жұмыс кезіндегі мұғалімнің қызметі қандай?
- Қолайлы тақырып таңдап алу;
- Тақырыпты тақырыпшаларға бөлу;
- Тақырыпты балалармен бірге таңдау;
- Оқушыларға ұсыну;
- Тақырыпты талқылауға қатысу;
- Оқушыларды ұйымдастыру;
- Керекті әдебиетті ұсыну.
Ал оқушылардың жұмысы қандай?
- Жұмыстың негізгі мақсат пен міндеттерін анықтау;
- Шешу жолындағы ізденісті ұйымдастыру;
- Жұмыс нәтижесін дұрыс жеткізу.
Жоба жұмысы оқушылардан шығармашылықты қажет етеді.Бұл жұмыс түрін сыныпта жеке оқушы, жұп немесе топ болып өткізуге болады. Мен сабақтарымда көбіне топ жұмыстарын ұйымдастырамын, өйткені топпен жұмыс балаларды интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік істерге жетелейді.
Жобалап оқыту технологиясы – проблемалық оқытудың идеясын дамыту, қарым-қатынас, сөйлеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады. Жобамен жұмыс істеген кезде балалар ақпарат жинайды, әр түрлі ғылыми және әдеби зерттеулерден (хат, пресса, кітаптар) мәлімет қолданады .Жобаны қорғау кезінде фильм, слайд пайдаланады. (Сабақ үлгісі)
Орыс тілінде оқылатын мектептерде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту айтылым мен жазылым арқылы екі бағытта іс жүзіне асырыла алады. Басқа ұлт өкілдеріне орыс тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ. Дегенмен, тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында орыс тілді қолдану аясы кеңейіп, іс қағаздары орысша жүргізіліп жатқанда, мемлекеттік тілде тек ауызекі сөйлеу жеткіліксіз деген ойламын. Ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге артуда. Балалар өз ойын жазбаша да, сауатты, көркем тілде жеткізе білулері қажет. Ал бұл нәтижеге жетуде жазбаша тіл дамыту жұмыстары жүргізілуі керек деп ойлаймын.Бұл:
- Сөздердің дыбысталуы бойынша жұмыс;
- Еркін, тұрақты сөз тіркестерімен жұмыс;
- Сөйлем бойынша жұмыс;
- Тіл мәдениеті бойынша жұмыс;
- Стилистика бойынша жұмыс;
- Ауызекі сөйлеу бойынша жұмыс.
Сабақтарымызды түрлендіріп, балаларымызды өз тілімізге қызықтырып, орыс тілді үйренуге баулуымыз керек.
Оқушы өз ойын орысша дұрыс жеткізу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібімен сөйлем жасау жолдарын жақсы меңгеру керек. Мұғалім үшін басты міндет – оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту
Мәтінмен жұмыс кезінде:
- қарамен жазылған сөздердің қосымшаларынкатегорияларын анықта;
- Синоним, омоним, антоним сөздерді тап;
- Негізгі, туынды сөздерді теріп жаз;
- Жаңа тақырыпқа байланысты сөздерді тап;
- Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құра;
- Құрмалас сөйлемдерден жай сөйлем құра;
- Мәтіннің енгізгі ойын айт;
- Асты сызылған сөздермен сөйлем құра;
- Белгіленген сөйлемді талда;
- Сөзді сөзге, сөз тіркесіне алмастыр;
- Белгілі бір сөз таптарына мысалдар жаз, т.б. тапсырмалар орындауға болады.
Орыс тілі пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау- оны міндетті тіл дәрежесіне көтеруді, оқушының ой-өрісі мен танымдық қабілетін жетілдіруді көздейді.
«Қай тілдің де болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды білу қажет: бірі – сол тілдің жүйесі қалай құрылған, екіншісі – оны практикалық жағынан қалай меңгеру керек. Демек, орыс тілінің құрылысын және оны практикалық жағынан меңгеру процессінде бірте-бірте коммуникативтік тәсілді ұйымдастыру тиімді» деген пікір бар.
Қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеті – адамның ішкі жан дүниесінің адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу.
Мектептерде оқыту жолында әр түрлі технологияларды қолдану - заман талабы. Бұл – В.П.Беспалько, М.В.Клариндердің бағдарлы оқытуы, А.С. Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, М.М.Жанпейісованың модульдік оқытуы, К.О.Өмірбаеваның деңгейлік оқыту әдісі,Ш.А. Амонашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы.
Әрбір педагогикалық технология өзіндік әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.
Орыс тілін меңгертуде қолданылатын тиімді әдістердің бірі – деңгейлік оқыту.
Өз тәжірибемде деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін қолданып жүремін.Оқыту барысында оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Оқушының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылысы білім сапасының жоғарылауына ықпал етеді. әр сатыға көтерілген сайын олардың оқуға деген ынтасы, белсенділігі артып, дамып отырады.Өз бетінше, шығармашылық жұмыс істеуге үйренеді. Сабақта түрлі ойындар, диалог және рольдік ойындарды жиі қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға, бірін-бірі түсініп, орыс тілінде ауызекі сөйлесе алуға үйретуге болатынына көзім жетті.
Қазақ тілді мектептерде оқытылатын орыс тіл сол тілде сөйлейтін ұлттың басты құндылықтарының бірі екені ескерілу, пән бойынша берілетін білім мазмұны бүгінгі қоғамдық әлеуметтік сұранымдарға сай болу керек.
Балаларға лексика-грамматикалық минимумды меңгерту мен сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім) модульдік жүйе бойынша жүзеге асады. Әр модульде лексикалық тапсырмалар, грамматикалық тапсырмалар, тақырып бойынша мәтін, мәтін бойынша лексика-грамматикалық жұмыс түрлері, әр тақырып бойынша нәтижені тексеру үшін тест тапсырмалары, танымдық сұрақтар пайдаланылады.
Қазіргі таңда орыс тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану – жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі.Осындай жаңа жолдардың біріне заман талабына сай сабақта компьютермен тіл үйретуді жатқызуға болады. Компьютерді қолдану барысында мұғалім оқушының тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырады,ізденіс және шығармашылық тұрғысынан жұмыс істеуге жетелейді. Мұғалім мұндай сабақ кезінде жай ғана бақылаушы болады.
Балаларды орысша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алуға,біреудің сөйлеген сөзін түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін пайдаланылатын жұмыс түрлерінің бірі – ойын. Интеллектуалдық, грамматикалық және дидактикалық ойындақ сабақтың тиімділігін ,сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Ойын – оқушы әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы ол қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Жаңа сөздерді қайталау, бекіту мақсатында қолданылатын ойын жаттығулар мен олардың әр түрлі тақырыптық нұсқалары оқушылардың сөздік қорын ғана арттырыа қоймайды, сөзді жандандыра түседі.
Жаңа сабақты түсіндіргенде де, өткенді қайталау кезінде де, сабақты пысықтау-қорытындылау кезеңінде де ойын элементін қолданамын.
Жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс-қылықтардың етек жаюы – халықтық тәрбиеден қол үзіп қалғанымыздың салдары екенін жақсы білеміз.
Ұрпақтардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеп, ұлттық дүниетанымын байыту -оқу пәндерін оқытудың негізгі міндеттері. Өмір мен қоғам жас ұрпақты өз халқын, елін, жерін, әдеби-мәдени мұраларын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу, халқымыздың салт-дәстүрлерін, даналығын,тұрмыс-тіршілігін таныту керек.К.Ушинский : «Халықтық тәрбиенің тәжірибелерінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деген еді.
Этнопедагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып, оқушылардың бойында адамгершілікқасиеттерін қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда – орыс тілі сабағының орны өзгеше.
Өз тәжірибемде орыс тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыту барысында этнопедагогика элементтерін жүйелі түрде пайдаланамын. Тыйым сөздер – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі.Тыйым сөздер балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандырады. «Малды теппе», «Ақты төкпе», «Табалдырықты баспа», «Үлкеннің сөзін бөлме» «Құстың ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме», «Құмырсқаның илеуін бұзба» сияқты сөздер арқылы ата-бабаларымыз жас баланың санасына қоршаған орта , табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатқан. Жас кезінен жүрегінен орын алған мұндай мейірімділік сезімдер баланың өмір бойына сақталады емес пе?
Мектептің оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсаты - мектеп түлектерінің орыс тілін басқа тілдерден гөрі еркін меңгеруге, Орысстандық патриот, полимәдениетті тұлғаны тәрбиелеуге, басқа халықтардың тілін, мәдениетін құрметтеуге бағытталған.
Әдебиеттер
1. Леонов С.А. Развитие устной речи учащихся на уроках литературы. Москва, 1998.
2. Качурин М.Г. Организация исследовательской деятельности учащихся на уроках литературы. Москва, 1982.
3. Мұхамбетжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008.
Бекзат
қазақ тілін дамыту керек