Интернеттің қазіргі заманның балаларына әсері - Сейданова Мейірім

Қазіргі заманда интернет – біздің өміріміздің бөлінбес бөлігіне айналды. Ол білім алуда, ойын-сауықта, достармен қарым-қатынаста және ақпарат іздеуде үлкен рөл атқарады. Алайда, интернеттің пайдасы мен зияны қатар жүреді. Артық пайдаланған жағдайда ол баланың психологиялық және әлеуметтік дамуына кері әсер етуі мүмкін. Осы мақаланың мақсаты – интернеттің балаларға әсерін талдау және оның зиянды ықпалынан қорғау жолдарын қарастыру.

Интернет балаларға білім алудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Мысалы, оқушылар онлайн сабақтар мен видеоқұралдар арқылы күрделі тақырыптарды тез түсіне алады. Сонымен қатар, балалар түрлі хобби мен қызығушылықтарын интернет арқылы дамыта алады: сурет салу, музыка тыңдау, бағдарламалау немесе ғылымға қатысты жаңалықтарды оқи алады.

Дегенмен, интернет тек пайдалы құрал ғана емес. Кейбір балалар үшін ол тек ойын ойнау, әлеуметтік желілерде уақыт өткізу немесе видеолар қараумен шектеледі. Мұндай жағдайда интернет тәуелділікке айналуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, экран алдында ұзақ отыру баланың ұйқы режимін бұзып, көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді.

Интернетке тәуелділік қазіргі замандағы балалар арасында жиі кездесетін проблемаға айналды. Кейбір балалар тіпті тамақтануды, ұйықтауды және мектептегі міндеттерді ұмытып, тек телефон мен компьютерде отыруға бейім. Мұның психологиялық, физикалық және әлеуметтік тұрғыдан қарастыруға болады. 

1)Психологиялық тұрғыда: бала көңіл-күйдің өзгеруіне, депрессияға немесе тітіркенгіштікке ұшырауы мүмкін.

2)Физикалық тұрғыда: көздің көру қабілеті нашарлауы, омыртқаның қисықтыққа ұшырауы, дене белсенділігінің төмендеуі.

3)Әлеуметтік тұрғыда: бала достарымен шынайы қарым-қатынас жасамай, жалғыздық сезінуі мүмкін.

Бұл мәселелердің алдын алу үшін ата-аналар мен мектептердің бірлескен жұмысы қажет.

Ата-ана бақылауы жүйесі - интернет тәуелділігінен қорғау жолы. Интернеттің зиянды әсерінен қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі - ата-ана бақылауы.Бұл жүйе арқылы ата-ана баланың қандай сайттарды қарайтынын, қанша уақыт онлайн болатынын бақылай алады. Сонымен қатар, баланың компьютер мен телефон қолдану дағдыларын шектеу арқылы оның интернетке тәуелді болуына жол бермеуге болады.

Ата-ана бақылауы тек шектеу емес, сонымен бірге қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған құрал. Мысалы:

1)Қауіпсіз веб-сайттарды рұқсат ету немесе зиянды сайттарды блоктау.

2)Ойын ойнауға немесе әлеуметтік желіде болуға уақыт шектеу қою.

3)Белгілі бір уақытта интернетті өшіру немесе телефонды «ұйқы режиміне» қою.

Бұл әдістер балаларға интернетті тек пайдалы түрде қолдануға көмектеседі. Ата-ананың қолдауы мен бақылауы болмаса, баланың психологиялық дамуына зиян келуі мүмкін.

Балалардың интернетті дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастыру – маңызды міндет. Пайдасын арттырып, зиянын азайту үшін:

1.Білім беру мақсатында интернетті пайдалану: оқу видеолары, ғылыми сайттар, білім беру платформалары.

2.Қызығушылықты дамыту: музыка, сурет, спорт, бағдарламалау.

3.Қауіпсіздік пен шектеу: родительский контроль арқылы тәуелділікті болдырмау.

Балалар интернеттің тек ойын сауық емес, білім мен даму құралы екенін түсінуі керек.

Қазіргі заманның балалары үшін интернет – өте пайдалы әрі қажет құрал. Дегенмен, ол дұрыс қолданылмаса, тәуелділік, психологиялық және әлеуметтік проблемаларға әкелуі мүмкін. Сол себепті әр ата-ана балаға ата-ана бақылауын енгізіп, интернетті шектеу мен бақылауды үйретуі өте маңызды. Осылайша, балалар интернеттің пайдалы жақтарын пайдаланып, зиянды әсерінен сақталады.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз