Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылындағы
Ә.Жанкелдин атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Қармысова Айзада Шырақбайқызы
Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері қашықтық білім алудың кез-келген тетіктері қарастырылып жатырғаны мәлім. Бүгінде оқушылар, студенттер барлығы интернеттің көмегімен қашықтықтан білім алып жатыр. Оған тек комьютер, ноутбукпен қалта телефоны интернет желісіне қосылса болды. Күнде әлемде не болып жатырғанын оп-оңай біле аласыз. Дамыған елдер онлайн арқылы білім алуды бастағаны қашан. Бізде қалыс қалып жатырған жоқпыз. Оған дәлел ауыл мұғалімдері карантин кезінде қашықтықтан оқып, өз білімдерін шыңдауда. 2020 жылдың 20-24 сәуір аралығында «Өрлеу» білім арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институтының ұйымдастыруымен педагогтерді қашықтықтан оқыту форматындағы біліктілік курсы өтті. Төрт күнге созылған курсты үйде отырып оқыдым. Бастауыш сыныптың мұғалімдері оқыған курс өте жоғары деңгейде өтті. Тренердің жан-жақты дайындалғаны сабақ беру барысында көрінді. Ұстаз қашанда – құрметке лайықты жан. Мұндай игі жолдарды тізбектей берсе жарасады да, таусылмайды да. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институтының ұжымына және Марал Сахарбаева Әділгерейқызына ризашылығымды білдіргім келеді. Қашықтықтан білім беру техникаларының бар мүмкіндігін үйретті. Ұжымға жетістік, оқытушыларға сәттілік тілеймін. Өңірдегі ауыл мұғалімдері үшін қашықтықтан білім алудың артықшылығы сезіндім. Осы курстан алған білімімді оқушыларға сабақ беру барысында қолданып, әріптестеріммен бөлісетін боламын. Қашықтықтан білім алу курсы жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі