Мен Оразалы Ай-Таңсық Серікқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің Дүниежүзі кафедрасының 2- курс магистрантымын. Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтар. Менің Алатаудай асқақ арманым мені Алматы шаһарына, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетелеп алып келген еді. Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, менің мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін.
Университетке аяқ тірегелі бері өзімді нағыз телегей теңіз білім ордасына, жалынды жастардың қатарына енгеніме өте қатты қуанамын. Өйткені, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы — сапалы білім екенін өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап көрсеткен болатын. Осы сапалы білімнің қара шаңырағы, Қазақстандағы білім беру жүйесінің тірегі, ескінің көзін көрген, 86 жылға жуық бай тарихы жинақталған ұлттық университетте еліміздің түкпір түкпірінен, алыс – жақын шет елдерден келіп, оқып жатқан студенттер жетерлік. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші ,әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 207-ші орынды иемдене білген, Қазақстандағы нөмері бірінші университет сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 14 факультет шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол бар мүмкіншілікті пйдалана білу, әр студенттің өз қолында.
Ай-Таңсық Серікқызы
Әл-Фapaби aтындaғы ҚaзҰУ,
Тapих, apхeoлoгия жәнe этнoлoгия фaкультeтiнiң 2-куpc мaгиcтpaнтты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі