Адам баласы табиғатынан байлыққа, жақсы өмірге, тоқшылыққа, өмірдің беретін басқа да қуаныштарына құмар. Меніңше, бұл – дұрыс процесс, себебі жақсы өмір сүруге талпыну ешқашанда жаман зат болмаған және байлық жақсы адамды құртпайды. Оған қоса, керісінше, ақшамен дұрыс қарым-қатынас орната білу, қаржылай сауатты болу қазір өте өзекті. Сол себепті бұл мақалада мен сізге ақшалай біліміңізді арттыратын және бай боламын деген адамға білуге тұратын қабілеттер тақырыбын қамтитын 5 кітап және 2 техника ұсынамын.
ТОП-5 КІТАП
1) 7 навыков высокоэффективных людей (Стивен Р. Кови)
2) Богатый папа, бедный папа (Роберт Кийосаки)
3) Атомные привычки (Джеймс Клир)
4)Сила подсознания или как изменить жизнь за 4 недели (Доктор Джо Диспенза)
5)Магия утро (Хэл Элрод)
ТОП-2 ТЕХНИКА
1) SMART техникасы,мақсаттарды дұрыс қой!
S (Specific) – Нақты мақсат. Мақсат анық және түсінікті болуы керек.
M (Measurable) – Өлшенетін мақсат. Мақсаттың нәтижесін өлшеуге болатындай болуы тиіс.
A (Achievable) – Қолжетімді мақсат. Мақсат шынайы және қазіргі жағдайға сай орындалатын болуы керек.
R (Relevant) – Маңызды мақсат. Мақсат адамның өзіне шынымен маңызды болуы қажет.
T (Time-bound) – Уақыты шектелген мақсат. Мақсаттың нақты мерзімі болуы керек.
2) 10-20-30-40.Айлық табысынды дұрыс бөлу.
Бұл әдіс табысты дұрыс бөлуді үйрететін 10–20–30–40 қағидасына негізделген. Осы тәсіл арқылы адам өзінің айлық табысын бірнеше бөлікке бөліп, қаржысын тиімді басқара алады. Табыс төрт негізгі бағытқа бөлінеді: 10% – қайырымдылыққа, 20% – өзіңді дамытуға және білімге инвестиция жасауға, 30% – бизнеске немесе жұмысқа байланысты шығындарға, ал 40% – жеке мақсаттар мен жинаққа арналған. Әрбір табыс түскен сайын осы пайыздарға сәйкес бөліп отыру қаржылық тәртіпті қалыптастырып, болашақ мақсаттарға жетуге көмектеседі.
Құрметті оқырман жоғарыда көрсетілген ақпараттар сіздерге пайдалы болады деген үміттемін.Ең бастысы ақшаны жүректе емес,қолда ұстаған дұрыс!
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі