Өлең, жыр, ақындар

Қашықтан оқытудың маңызы

Алматы автомобиль-жол колледжінің
оқытушысы Дауенова Гульжан Орынбасаровна

D:\ГУЛЬЖАН\ФОТО\Даулет\WhatsApp Image 2020-05-07 at 17.18.47.jpeg

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты біздің Алматы автомобиль- жол колледжі 16 наурыздан бастап қашықтан оқыту режиміне көштік. Қашықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесінің бірі. Бұл қатысушы мен оқытушының нақты уақыт режимінде болуын қарастырады. Қашықтан оқыту барысында Алматы автомобиль-жол колледжі Edupage платформмасы арқылы және WhatsApp желісі арқылы сонымен қатар электронды почта арқылы білім берудеміз. Білім сапалы болу мақсатында бейне сабақтар негізінде кері қатынасқа шығып жұмыс жасаудамыз.Бейне конференциялар арқылы жүйелі оқыту тәртібіне көштік.

«Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы» - дегендей білім сапасын көтеру негізінде әртүрлі әрекеттер қарастырылған. Zoom-платформасында кері қатынас орнатып сабақ жүргізу өте қолайлы. Алматы автомобиль-жол колледжінің атқарушы директоры Турсумбекова Хорлан Сакенқызының басшылығымен білім деңгейін көтеру барысында әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп, жаңашаланған  тың мағлұматтармен танысып отырмыз. Елімізде бегітілген төтенше жағдай барысында  топтық жүйеде жұмыс істеу барысында  колледжіміздің директордың оқу жөніндегі орынбасары Акимжанова Арай Шоғанбекқызы оқытушыларлың  іскерлігін көтеру саласында атқарып жатқан үлесі орасан зор. Еліміздің болашағы жастар болғандықтан патриоттық рухты көтеру негізінде әртүрлі байқаулар ұйымдастырып үлесін қосып жатқан  колледжіміздің тәрбие жөніндегі директоры Иманқулова Надира Серікқызының еңбегін айтып кетпеуге болмайды. Негізгі мақсат – үздіксіз білім беру болғандықтан ауылды жерлерде интернет желісі нашар болғанына қарамай, тынымсыз ізденіс талаптың арқасында  білім берудің барлық жағын қарастырып WhatsApp желісі арқылы тапсырмаларды түсіндіріп сабақ берудеміз. Сабаққа қатысудың 100% нәтижелі болуына колледжіміздің оқу бөлімінің бастығы Пана Әлімтайқызының  қосып жатқан үлесі ұшан теңіз.

Kahoot бұл оқу орындарында білім беру технологиясы ретінде қолданылатын ойындық білім беру платформасы. Kahoots Learning Games - бұл веб-браузер арқылы қолданушыларды құруға және қол жеткізуге мүмкіндік беретін көп нұсқалы викторина. Қашықтықта оқыту кезінде осы сияқты прграммаларды үйреніп, білімімді тереңдеткім келеді. Бұл программа білім алушыларды қызықтыра түседі.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай  ата-бабаларымызға ізгі ниетімді білдіргім келеді. Бейбіт өмір сыйлап, өз өмірлерін құрбан етті. Жақсыбаев Дәуен, Орекеев Шалғынбай аталарым соғыстан кейінгі жылдарда,елімізді қалпына келтіруге ерінбей еңбек етіп, өз үлестерін қосты. Тыл ардагерлері. Мамбетұлы Алданазар атамыз Берлинді азат етіп, Германиядағы  Бранденбург қаласына дейін жетіп, қан майданда қаза тапқан. Өкінішке орай  ешқандай суреттері сақталмаған.

D:\ГУЛЬЖАН\ФОТО\Даулет\WhatsApp Image 2020-05-07 at 17.17.08.jpeg

Қайын нағашы атам Қашқаров Сәйділда Қазбекұлы 1918 жылы 1 шілдеде  19-ауыл «Қызыл-Ту» колхозы Жалағаш ауданы Қызыл-Орда облысында дүниеге келді. 1937-1939 жылдары осы ауданда қаржы бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарған. 1940 жылы партия мүшесі. 1943-1945 жылдары майданға аттанып взвод командирі болған. Соғыстан кейінгі жылдары сол колхоздың директоры болып қызмет атқарған. Наградалары:   Қызыл жұлдыз, Германияны азат еткені үшін, 1941-1945жж. Сталин медалі, Ұлы Жеңістің 30,35,40  жылдығына  алган медальдары бар. Атамыз 1986 жылы өмірден өтті. Барлық ата-бабаларымызға, бізге бейбіт өмір сыйлағаны үшін  үлкен тағзым!!!

D:\ГУЛЬЖАН\ФОТО\Даулет\WhatsApp Image 2020-05-07 at 17.16.52.jpeg

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай  үлкен ұлым Даулет  Әлқуатұлы  2017 жылы Құрлық әскерлерінің әскери институтын (АВОКУ) бітіріп, Қазақстандағы Қарулы Күштердің офицері. Мамандығы «Командалық-тактикалық артиллерия». Қазіргі кезде әскери қызметте жүріп, Отан алдындағы борышын атқарып, қызмет жасап,  өз үлесін қосып жүр. Аға лейтенант  дәрежесінде. Қазақстанның айбынды ержүрек азаматтарына тағзым етемін!

D:\ГУЛЬЖАН\ФОТО\Даулет\WhatsApp Image 2020-05-07 at 17.16.49.jpeg   D:\ГУЛЬЖАН\ФОТО\Даулет\WhatsApp Image 2020-05-07 at 17.16.50 (1).jpeg

Осындай өнеге болатын бабаларымыз бар, ақылды да  саналы, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпағым бар екеніне мен бақыттымын! Біз біргеміз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз