Өлең, жыр, ақындар

Павлодарлық мұғалімдер өзін-өзі тану пәнін қашықтан оқыту ерекшеліктерін талқылады

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Қашықтан оқыту жағдайындағы өзін-өзі тану мұғалімінің жұмысы» тақырыбында облыстық семинарын ұйымдастырды. Іс-шараға орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 97 өзін-өзі тану мұғалімі қатысты

Павлодар қ. №14 ЖОМ өзін-өзі тану мұғалімі Л.В.Иваненко қашықтықтан оқыту жағдайындағы өзін-өзі тану мұғалімінің рөлі туралы айтты. Павлодар қ. №25 ЖОМ мұғалімі Ж.Б.Ордабаева өз баяндамасында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда интернет-ресурстарды қолдану тиімділігін атап өтті Павлодар қ. №21 ЖОМ мұғалімі М.К.Кенесбаева қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттық технологияларды қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетті. Павлодар қ. №24 ЖОМ мұғалімі Д.К.Оспанова және Павлодар қ. №38 ЖОМ мұғаліміА.Б.Рахматуллина «Өзін-өзі тану» сабағында бейне сабақтарды қолдану тәжірибесімен бөлісті және қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқытудың ерекшеліктері туралы айтты.

Семинарға қатысушылар талқыланған мәселелерге қызығушылық танытты, өтіп жатқан оқиғалар мен әріптестердің жұмыс тәжірибелері туралы пікір алмасты\

Бағдәулет НҰРМАТ

Білім басқармасының баспасөз хатшысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер