ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина жаз мезгілінде балалар лагерьлері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
«Биылғы жаз мезгілі 3 млн 57 мың оқушы үшін былтырға қарағанда өзгеше болады. Сондықтан жазғы демалысты ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктер енгізіледі. Комитет тарапынан бұл тұрғыда үш бағыт айқындалды. Біріншіден, лагерьлер ұйымдарының жұмысы. Екіншіден, балалаларды жазғы шаралармен қамту, оның ішінде жекелей санаттағы балаларға жағдай жасау. Үшіншіден, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге екпін қойылады. Балаларға арналған сауықтыру лагерьлері, орталықтар, кешендер, қала маңындағы лагерьлер қызметін жандандыру шешімі санитарлық нормаларды сақтау шартымен жергілікті атқару органдары тарапынан қабылданады», — деп түсіндірді Ю. Овечкина онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде балалар лагерьлері 8 маусымнан екі өңірде, 15 маусымнан 12 өңірде, ал 20 маусымнан тағы екі өңірде ашылатынын белгілі болды. Шымкент қаласында лагерьлер 8 маусымда, елордада 20 маусымда ашылады.
«Алматыда мектеп жанындағы және қала сыртындағы балалар лагерьлері ұйымдастырылмайтыны туралы шешім қабылданды. Алдын ала мәліметтер бойынша 12 154 лагерьлердің ішінде тек 65 пайызы жұмыс істейді. Лагерьлерге бара алмайтын қалған оқушылар не істейді? Осы мақсатта біз мектеп жанындағы ұйымдардың қызметін күшейттік. Олардың барлығы балаларды толықтай қамтуға дайын, оның ішінде онлайн форма да бар», — деді комитет өкілі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі