Жиреншенің әйелі өліп, әйел көріп жүріп бір шалдың қызына кездеседі. Бір қараша үйдің алдында бір қыз шығып тұр екен. Қыздың үстінде қызыл матадан көйлегі бар екен. Көйлектің үшкілі ақ мата екен. Қыздың аузы үлкендеу екен.Жиренше жолығып тұрып:
— Мына үйдің шаңырағының үлкенін-ай, — депті. Қыз:
— Үлкен болса, түтіні түзу шығар, — депті. Жиренше:
— Бір ақ қолтық қызыл қашар қарап жүр едім, — депті.
Қыз:
— Оны мен көрдім. Мана құдық басында бір кәртік мұрын қара бұқа артын иіскеп тұр еді, — депті.
Жиренше: «Сол қыздың үйіне барып, әкесімен сөйлесіп кел» деп бір кісі жіберіпті. Қыз жалғыз өзі үйде шашын жуып отыр екен. Кісі кіріп барғанда қыз:
— Түңғұлақ кісінің атасына нәлет, — деді депті. Жіберген кісі түсінбепті. Жиренше:
— Үйінде ит жоқ екен ғой, — депті.
— «Әкең қайда кетті?» — деп едім, — «ағаш қазан қайнатуға кетті» — деді.
Жиренше:
— Әкесі насыбай уқалауға кеткен екен, — депті.
— «Шешең қайда?» деп едім. «өлі мен тірінің арасына кетті», — деді. Жиренше:
— Туа алмай жатқан әйелге кеткен екен ғой, — деді.
— «Ағаң қайда?» деп едім, «сегіз аяқтымен аңға кетті» деді.
Жиренше:
— Буаз биемен кеткен ғой, — деді.
— «Жеңгең қайда?» — деп едім, «көп болса да тұтбеске кетті» деді.
Жиренше:
— Отынға кеткен ғой, — деді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі