Өлең, жыр, ақындар

Халықаралық сертификаттар тізімі IELTS INDICATOR және Duolingo English Test-пен толықты

Халықаралық сертификаттар тізімі IELTS INDICATOR және Duolingo English Test сертификаттарымен толықтырылды.

«2020 жылы магистратура мен докторантураның білім бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың тізімі IELTS INDICATOR (Айлтс Индикатор) және Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест) сертификаттарымен толықты. Аталған тестілер арнайы ақпараттық жүйе арқылы тек электронды форматта тапсырылады» делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Магистратура үшін IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6-дан кем емес, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем емес. Докторантура үшін IELTS INDICATOR бойынша шекті балл – 5,5-тен, ал Duolingo English Test бойынша – 85-тен кем емес.

«IELTS INDICATOR сертификатының пайдалану мерзімі 2 жылды құрайды, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Айта кеткен жөн, шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат тек докторантура үшін міндетті болып табылады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін IELTS INDICATOR немесе Duolingo English Test халықаралық сертификаттарын ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар