Өлең, жыр, ақындар

Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр.

1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

20 маусым мен 25 тамыз аралығында колледждерге құжаттар қабылданады. Биыл қабылдау емтихандары өткізілмейді, конкурс аттестаттың міндетті және бейінді пәндерінің жиынтық балы бойынша жүргізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін арнайы конкурстар өткізіледі.

13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау басталады.

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты, медициналық анықтамаларды кейін, оқу жылы басталғанға дейін өткізуге рұқсат етілді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар