Өлең, жыр, ақындар

Асхат Аймағамбетов: Жаңа оқу жылында қашықтан оқытуға барлық жағдай жасалады

1 қыркүйектен бастап 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, Білім және ғылым министрлігіне, әкімдіктерге жаңа оқу жылын ұйымдастыру бойынша бірнеше тапсырма берген болатын. Осы тапсырмалар аясында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Жаңа ғана Үкімет отырысында осы мәселені бөлек қарап, тиісті шешім қабылданды», — деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, басты мәселе — балалар мен педагогтардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы.

«Қазір ахуал қиын. Денсаулық сақтау министрлігі берген мәліметті қарайтын болсақ, қыркүйек, күз айларында жылда болатын ЖРВИ инфекциясы да таралады. Барлық мәселені қарастыра отырып, бүгін тиісті шешім қабылдадық. 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқу форматына кқшеді. Әрине, бұл өте күрделі шешім. Қазіргі уақытта қоғамда осы мәселеге қатысты бірнеше ой, ұсыным бар. Осы шешімді қабылдамас бұрын сарапшылармен сөйлесіп, пікірлерін тыңдадық. Ата-аналардың да пікірін тыңдап, халықаралық тәжірибені зерделедік. Ең бастысы - бүгінгі күнгі ахуал. Бізге керегі — балалардың, ата-аналардың, педагогтардың денсаулығы, сондықтан осындай шешім қабылдап отырмыз. 1 қыркүйектен бастап 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқиды. Оларға барлық тиісті жағдайды жасап беруіміз керек», — деді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар