Өлең, жыр, ақындар

Білім министрі: Дәстүрлі оқу режиміне көшкеннен кейін мектеп формасын кию талап етілмейді

Жаңа оқу жылында бірінші тоқсаннан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшкен жағдайда мектепте ешкім ата-анадан баласына мектеп формасын алу туралы талап қоймайды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мектеп формасы — өзекті мәселелердің бірі. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығына мектеп формасына қатысты өзгеріс енгіздік. Біріншіден, мектеп формасы түбегейлі жойылған жоқ, біз оған қатысты «төтенше жағдай кезінде немесе басқа да шектеулі шараларда білім беру ұйымдарына министрлік бекіткен мектеп формасымен келмеуге болады» деген қосымша ереже енгіздік», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылында бірінші тоқсаннан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшкен жағдайда мектепте ешкім ата-анадан баласына мектеп формасын алу туралы талап қоймайды.

«Тәжірибе көрсеткендей, бұл шешімнің де негізі бар. Бизнестің осы түрімен айналысатын ірі компанияларды түсінем. Олардың мұндай қиын кезеңде жаңа оқу жылына дайындалған компанияларды қолдау керектігі туралы үндеуін естідім және оқыдым, бірақ біз 3,5 млн оқушы сабаққа баратынын ескеруіміз керек. Экономикалық және қазіргі жағдайды ескеріп, мектеп формасына да қатысты қажетті жағдай жасау керектігі туралы шешім қабылдадық. Мектеп формалары барлар ол форманы киіп жүре алады, ал мектеп формасы жоқтарға осындай жағдай жасадық», — дейді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Айжан

Түсінбедім. Министр мырза оқулықтарға баса мән беріңізші сұранамын сізден әсіресе әдебиет,тарих пәндеріне бұрынғы оқиғаларды,танымал тұлғалар ұмытылмасын. Қазіргі уақыттағы әдебиетшілердің не қажеті бар. Көбісі өзгеріп кеткен. Баламның оқулығын қарап отырып көремін.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар