Білім министрі: Дәстүрлі оқу режиміне көшкеннен кейін мектеп формасын кию талап етілмейді

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Білім министрі: Дәстүрлі оқу режиміне көшкеннен кейін мектеп формасын кию талап етілмейді

Білім министрі: Дәстүрлі оқу режиміне көшкеннен кейін мектеп формасын кию талап етілмейді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Дәстүрлі оқу режимі, мектеп формасы, 2020-2021 оқу жылы, мектеп — осы тақырыптарға байланысты.

Жаңа оқу жылында бірінші тоқсаннан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшкен жағдайда мектепте ешкім ата-анадан баласына мектеп формасын алу туралы талап қоймайды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мектеп формасы — өзекті мәселелердің бірі. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығына мектеп формасына қатысты өзгеріс енгіздік. Біріншіден, мектеп формасы түбегейлі жойылған жоқ, біз оған қатысты «төтенше жағдай кезінде немесе басқа да шектеулі шараларда білім беру ұйымдарына министрлік бекіткен мектеп формасымен келмеуге болады» деген қосымша ереже енгіздік», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылында бірінші тоқсаннан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшкен жағдайда мектепте ешкім ата-анадан баласына мектеп формасын алу туралы талап қоймайды.

«Тәжірибе көрсеткендей, бұл шешімнің де негізі бар. Бизнестің осы түрімен айналысатын ірі компанияларды түсінем. Олардың мұндай қиын кезеңде жаңа оқу жылына дайындалған компанияларды қолдау керектігі туралы үндеуін естідім және оқыдым, бірақ біз 3,5 млн оқушы сабаққа баратынын ескеруіміз керек. Экономикалық және қазіргі жағдайды ескеріп, мектеп формасына да қатысты қажетті жағдай жасау керектігі туралы шешім қабылдадық. Мектеп формалары барлар ол форманы киіп жүре алады, ал мектеп формасы жоқтарға осындай жағдай жасадық», — дейді ол.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Айжан

Түсінбедім. Министр мырза оқулықтарға баса мән беріңізші сұранамын сізден әсіресе әдебиет,тарих пәндеріне бұрынғы оқиғаларды,танымал тұлғалар ұмытылмасын. Қазіргі уақыттағы әдебиетшілердің не қажеті бар. Көбісі өзгеріп кеткен. Баламның оқулығын қарап отырып көремін.

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Білім министрі: Дәстүрлі оқу режиміне көшкеннен кейін мектеп формасын кию талап етілмейді деген не?

Бұл бетте Білім министрі: Дәстүрлі оқу режиміне көшкеннен кейін мектеп формасын кию талап етілмейді тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім министрі: Дәстүрлі оқу режиміне көшкеннен кейін мектеп формасын кию талап етілмейді материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар Дәстүрлі оқу режимі тақырыбындағы материалдар мектеп формасы тақырыбындағы материалдар 2020-2021 оқу жылы тақырыбындағы материалдар мектеп тақырыбындағы материалдар оқушы тақырыбындағы материалдар