Өлең, жыр, ақындар

Өндірістік тәжірбие есебі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы
Мәдениеттану мамандығының 3-ші курс студенті
Хасиетова Жания Жарасқызының

ЕСЕБІ

Мен, Хасиетова Жания Жарасқызы, 2020 жылдың 15 маусым мен 17 шілде  аралығында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қоғамдық келісім бөлімінде өндірістік тәжірибеден өттім.

Аталмыш мекемеде өндірістік тәжірбие өту барысында, университет қабырғаларында алған білімім  мен жеке қаситеттерімді шыңдай түсіп, өзімді жан-жақтылы көрсете білдім.

Өндірістік тәжірбиемнің алғашқы күндерін «Алматы қаласы қоғамдық басқармасының» басшылығымен,  ішкі жұмыс жағдайымен, және мекеме қызметкерлерімен танысып, аталмыш мекемеде жұмыс істеуге бейімделдім. Соның нәтежиесінде  «Алматы қаласы қоғамдық басқармасының» жоспарлы жұмысын атқаруға ат салысып, мекеме басшылығы мен қызметкерлерінің назарына ілініп, басқарманың  бас маманы (кадр қызметі)  Айнұр Иманғалиқызының көмекшісі  қызметіне тағайындалдым.

Өндірістік тәжірбиемнің жетекшісі Айнұр Иманғалиқызымен бірлесе отырып жоспар бойынша орындауға міндеттелген, яғни еліміздегі пандемияның кесірінен еліне қайта алмаған шетел азаматтарымен байланыс орнатып, оларға әлеуметтік қызмет көрсетуге шешім қабылдадық. Сонымен қатар, Ауған азаматтарын қолдау мақсатында қашықтықтан өткізілетін бірнеше іс-шараларды жоспарладық. Атап айтқанда,

I. Һәкім Абайдың  175 жыл мерейтойына орай қашықтықтан поэзиялық кеш ұйымдастыру.

II. Екі елдің арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұлттық тағамдарды дайындау, шеберлік курсын өткізу.

III. «Тәні саудың жаны сау» флешмобы аясында Ауған азаматтарына «Қара жорға» биін үйрету сабағын ұйымдастыру.

Өндірістік тәжірибе уақытында тек қана мерекелік шаралармен шектеліп қоймай, Айнұр Иманғалиқызының қадағалауымен басқарма қызметкерлерінің құжаттарына толықтыру жасауға және «Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының» электрондық сайтына түскен хаттарды саралап оларды тіркеуге қашықтықтан ат салыстым.

Өндірістік тәжірибе кезінде жинақтаған тәжірибем мен білімім –  келешекте еңбек жолымда биік сатылардан көрінуімнің себепшісі. Біліміммен байланыса отырып жинақталған бұл тәжірибелік өтілім болашақта маман ретінде қалыптасуыма септігін тигізеді деп есептеймін.

Практика жетекшіс: Есболова М.А.

Студент: Хасиетова Ж.Ж.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз