Өлең, жыр, ақындар

Табандылықтың жемісі

Өткен замандарда бір медреседе оқитын жетім бала болыпты. Өте білікті ұстаздардан дәріс алса да, қанша талпынса да, сабақты түсінуде қиналып, өзімен қатар оқып жүрген балалардан кері қалып жүреді. Бұл жағдайға өзі қатты қынжылатын. Озат балалар кейде оны «дәлду» деп те келеке ететін. Бір күні шыдамы таусылып: «Демек, сабақ оқу менің қолымнан келмейді. Мен одан да ауылға барып, егіншілікпен айналысайын» деп ойлап, таңертеңгісін ерте жолға шығады. Ұзақ жол жүреді. Шаршағандықтан жүруге әлі қалмайды. Күннің ысығынан қорғана тынығатын тым болмаса ағаш та шықпайды. Осылай келе жатып үңгірге кезідегі. Жылан немесе жыртқыш аң бар шығар деп кіруге бата алмай кідіргенімен, әлсіздік алға сүйреп қалай кіріп кеткенін аңғармай қалады. Қорқатындай ештеңе жоқтығына көз жеткізген соң, көңілі жай тауып, созылып жата кетеді. Жатқаны сол еді, төбеден тамшылап тұрған суға көзі түседі. Қанша жылдан бері тамшылап тұрғанын кім білсін, әйтсе де тамған жері ойылып қалғанын қарап таңырқап жатады. Бірден миына найзағай ұрғандай болып, осы құбылылыстан өмірлік серпіліс алады. Қап-қатты тасты, жұмсақ судың тесіп жібергені сияқты, сабыр қылып, тұрақты оқып талпынатын болса, миына бірер нәрсе кірері сөзсіз еді. «Менің басым, мына тастан да қатты емес қой»,- деді өзіне. Маңыздысы осы су сияқты табандылық таныту еді. Дереу орнынан тұрып медресеге қайтады. Табандылық етуі арқылы достарына жетіп алады. Тіпті бәрін басып озғаны соншалық, кітаптары әлі күнге дейін оқылатын ғалым болады. Осы «су мен тастан» алған сабағына байланысты бұл ғалым «тастың ұлы» деген мағынадағы «Ибн Хажар» деп аталып кетеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер