Өлеңдер Бөлімі

OnlineMektep.org платформасына сырттан бірнеше жойқын DDoS шабуыл жасалды

Қазақстандық OnlineMektep.org қашықтан оқу плафтормасына бірнеше күн қатарынан Қазақстаннан тыс аумақтан жойқын DDoS шабуылдар жасалуда. Платформаны әзірлеушілердің пікірінше, бұл шабуылдар пайдаланушылардың сенімін бұзуды көздеп қасақана ұйымдастырылған.

Жоба жетекшісі Санжар Кенжеханұлының айтуынша, бүгін OnlineMektep Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметінің қорғауы арқасында шабуылға төтеп берді. Бүгінгі сыртқы DDoS шабуыл платформаға он есе артық салмақ түсірді. Бұл – Қазнет тарихындағы ең үлкен цифрлық шабуылдың бірі.  

Сонымен қатар, желіде платформа қолданушыларының жеке аккаунтарын бұзуды ұсынатын қаскүнемдер пайда болды. Мұндай қылмыстық әрекет туралы ақпарат құқық  қорғау органдарына беріледі.  

OnlineMektep.org карантин кезеңінде қазақстандық оқушылар білім алатын негізгі ресурс. OnlineMektep негізінде 3,5 мыңнан аса мектептің оқу процесі ұйымдастырылған. 1 қыркүйектен бері платформада күн сайын 1,5 миллионнан аса оқушы сабақ оқиды. Оқу жылының басынан бері мұғалімдер платформа ресурстары негізінде 3 миллионнан аса онлайн-сабақ өткізді, 160 миллиондай парақша қаралып, 500 миллионға жуық жаттығулар орындалды. Платформаны әр секунд сайын  бір мезгілде 70 мыңнан 80 мыңға дейін бірегей қолданушылар пайдаланады.
Бұл платформаны Bilim Media Group компаниясы мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бірлесе дайындаған. Қазіргі кезде ресурста бірінші тоқсанның оқу бағдарламасын қамтитын 5700 цифрлық сабақ, 140 мың жаттығу жүктелген.

Контент адаптивті, дербес білім берудің озық әдістемесін ескере отырып әзірленген. Платформа негізінде оқушыларға виртуалды сынып пен жеке сабақ кестесін әзірлеуге, сыныптағы әр баламен жекелей, немесе жалпы сыныппен чат арқылуы байланысуға, видеоконференция режимінде сабақ өткізуге, үй тапсырмасын беріп, оны тексеруге, бағалауға, сондай-ақ арнайы конструктормен өзінің сабақтарын құрастыруға мүмкіндік жасалған.

Платформаны әзірлеушілер пайдаланушылардан шабуыл салдарынан болуы мүмкін ақауларға  түсіністікпен қарауды өтінеді және компания мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық қызметі мамандарының бірлескен жұмысы нәтижиесінде мұндай шабуылдарды болдырмаудың барлық шаралары қабылданып жатқанын хабарлайды. Сонымен қатар, OnlineMektep платформасы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне, ҚР Білім және ғылым министрлігіне мәселеге шұғыл араласып, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

800-ге  жуық маманнан тұратын платформа қызметкерлері мұғалімдер, оқушылар мен олардың ата-аналарын карантин кезінде қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Платформа жұмысы байланысты кез келген сұрақ бойынша қолдау көрсету орталығына хабарласуыңызға болады +7 (707) 944 95 95 (support@bilimmail.kz)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×