Өлең, жыр, ақындар

Болашағымның іргетасы болған - ҚазҰУ!

2016 жылы мектепті бітіріп, арман қуып алғаш әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің табалдырығын аттаған кезім әлі күнге дейін есімде. Шексіз қуаныш, ата-анамның ақталған үміті, арманға жақындаған бір қадам…

Бала кезімнен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсуді армандаған едім. Арманым орындалып, «Физика» мамандығы бойынша мемлекеттік грант ұтып алдым.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түскім келгенінің себептері өте көп. Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен әсем мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін барлық қызметті атқарып отыр. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндетін абыроймен орындап шықты. Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.

Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды. Әлемдік рейтингте қысқа уақыт ішіндегі бұндай бірегей ілгерілеу «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті феномені» деп аталып шетелдік сарапшылар назарын өзіне аудартып отыр. Университеттің жетістіктері бұнымен шектеліп қалмайды, бастысы білімге деген қызығушылық сөнбесе болғаны болғаны.

Мен физика-техникалық факультетінің, жылу физикасы және техникалық физика кафедрасында білім алдым. Бұл факультеттіңде өз ішінде жетістіктері өте көп. Мысалы, 2015 жылдың 29 қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Samsung Electronics Samsung Innovation Service академиясын ойдағыдай игеруде. Осы уақыт ішінде ҚазҰУ оқытушылары «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының студенттері үшін мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық жасақтама жасау бойынша арнайы курстар өткізді және Samsung Electronics ұсынған құрылғылар мен инфрақұрылым негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық шешімдер саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Биыл «Физика» мамандығын бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратура грантын ұтып алдым. Ол мен үшін өте керемет жетістік.

Қорытындылай келе, осы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, физика факультетінің, жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының студенті болғаныма еш өкінбеймін, керісінше мақтан тұтамын.

Секен Гауһар Сәкенқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Аружан

Керемет, жарайсыз!

Аружан Е

Өте тамаша жазылған ;)

Дидар

оте жаксы ! маган унады

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер