Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ - білім ордасы

Мектепті бітірген соң, қай университетті таңдайтынымды білмедім. Мен көптеген  университеттер туралы барлық ақпаратты оқыдым, бірақ мен ҚазҰУ-ды таңдадым. Бұл университтеті таңдағаныма өте қуаныштымын. ҚазҰУ Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасында  мықты университеттердің бірі болып табылады. Себебі,біз біріншіден университетке ең жақсы және сапалы білім алу үшін түсеміз.

1934 жылы іргесі қаланған білім мекені күннен- күнге әлемдік білім беру жүйесінде өзіндік орнын айқындап келеді. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Оның дәлелі ретінде, белгілі QS World University Ranking халықаралық рейтинг агенттігінің 2018 жылы жариялаған зерттеу қорытындысына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемдегі үздік 800 университет арасында 165 орынға ие . Бұл деңгейде ТМД елдері бойынша ешқандай оқу орны кірмейді

Жалпы даму бағыты халықаралық білім беру стандарты бойынша қабылданған университет білікті мамандарды даярлауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі ғылым, білім, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Бұл оқу орны ертеңгі ел тірегі жас ұрпақты білікті маман ретінде ғана емес, қоғамда өзіндік орнын таба білетін саналы азамат етіп қалыптастыруда да айрықша рөл атқарып отыр. Университетте жастардың жарқын болашағы үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ, еліміздегі ең ірі кітапханалардың бірі- Әл-Фараби кітапханасы, Интернет орталығы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы – бәрі де білім алушы студенттердің игілігі үшін ерекше орындар болып саналады. Сонымен бірге, университет құрамында 20 ғылыми-зерттеу институты, 14 факультеттің құрамындағы 98 кафедра және Технопарк жұмыс істейді.  Одан да басқа біздің университетіміз студенттерді шетелге оқуға жібереді. Осының бәрі оқу ордасының мерейін одан әрі асқақтата түсетіні сөзсіз.

 ҚазҰУ - Сыйластық пен шынайы достықтың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік береді. Сондыктан, мен ҚазҰУдың студенті болғанымды мақтан тұтамын және де өмірімдегі жетістігім деп санаймын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3 курс студенті

Калиева Назым

Жетекшісі: Шарыпқазы Нұртәліп


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз