Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер...
Менің жоғары оқу орным - менің мақтанышым деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Бала кезімізден бастап үлкен-үлкен ғимараттардан қолдарына кітаптарын ұстап шығып келе жатқан студенттерге қызығушы едік. Енді міне өзіміз де өзгелер қызығып та, қызғанып та қарайтын білдей бір студент болдық. Көптеген еліміздің көшбасшысы болып жүрген танымал адамдардың ізін басып, мен де ҚазҰУ-не арманның жетегіне еріп түстім. Бұл таңдауыма бірде-бір рет өкінген емеспін. Жан-жақты білім, қызықты студенттік шақ, әр-түрлі концерт, олимпиада, студенттің білімге қызығушылығын арттыратын түрлі іс-шаралар, мұның барлығы сөзсіз студентті алға жетелейді. "Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей" дегендей қатарластарымызбен жарыса оқу оқимыз. Неліктен ҚазҰУ? Не үшін мен осы жоғары оқу орнын таңдадым? Оған бірнеше себеп бар:
1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отандық университеттер ұлттық рейтінгісінің көшбасшысы жəне QS халықаралық рейтінгісінде əлемнің 800 үздік университеттері арасында 220 орынды алады, Университет 13 позицияға жоғарылап, 207-ші орынға тұрақтады. Бұл - университетіміздің үздіксіз даму үстінде екендігін көрсетеді.
2. Университеттік кампуста заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфрақұрылым, кітапхана, интернет-орталық, фудкорттар, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, «Жас ғалымдар үйі» бар. Студенттерегe ыңғайлы жатақханалардан орын беріледі.
3. 16 факультетте 86 мамандық бойынша жоғары білім (бакалавриат) алу, магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
4. Жоғары және арнайы орта білім негізінде білім алу. Оқудың түрлері: күндізгі және қашықтықтан оқыту.
5. Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура – сәттілікке бастар жол! Мұның барлығы басқа жанға асыра мақтау болуы мүмкін, бірақ, ҚазҰУ - мүмкіндіктерге толы инновациялық мекен екендігін мойындауымыз керек. Бұл жетістіктер ҚазҰУ еңбек ұжымының, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен университет басшылығының жұмысты парасатты да сапалы ұйымдастыру білуінің арқасы екендігінде сөз жоқ. Отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті жоғарыбілікті де білімді мамандарды даярлап, кадр потенциалын құруды басты мұраты еткен ҚазҰУ-лықтардың негізгі мақсаты – классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. Қазіргі таңда, оқу орнымыз студенттеріне білім алуға барлық мүмкіндікті беріп отыр, ал оны миға тоқып, университетіміздің деңгейін көтеру - біздің қолымызда!
Шакен Перизат Жомартқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі