Zhas Project жобасы көп жастарға қолдау болды

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Zhas Project жобасы көп жастарға қолдау болды

Zhas Project жобасы көп жастарға қолдау болды — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — жоба, Zhas Project, жастар, қолдау — осы тақырыптарға байланысты.

Біз 2020 жылдық Zhas Project жобасының жеңімпаздарымыз. Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл жастарға арналған бірегей бағдарлама, оның шеңберінде жастарға өз кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға, сондай-ақ жергілікті халыққа пайда әкелетін өз әлеуметтік жобасын іске асыруға мүмкіндік ұсынылады. Жобаның шеңберінде 14-тен 29 жасқа дейінгі жастарға (29 жасты қоса алғанда) әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін 1 млн. теңгеге дейін гранттар беріледі, сондай-ақ өмірлік маңызы бар дағдыларға оқыту жүргізіледі. Алғашқы уақытта онлайн сабақтан аларымыз болар ма екен? деген қорқыныш болатын. Дегенмен, қорқыныш пен алаңдаушылық бекер болыпты. Онлайн сабақтарды өту барысында шынында, көп ақпаратқа қанық болдық. Алдымен, команда мен топтың айырмашылығы неде, мықты команда өлшемдері қандай болуы керек, команда мүшелері кімнен тұрады, жобаны басқару құралдары қандай, питчинг деген не қандай түрлері бар деген сұрақтарға нақты мәліметтер алдық. Сонымен қоса, ай сайынғы ментормен кездесуіміз тағы бар. Ментор-жас та болса білікті, ерік-жігерлі кісі-Абдыкалыков Сұлтанғазы ағай. Ол тек қана жоба барысындағы сұрақтар мен қиындықтарға көмектесіп қана қоймай, осы бастаған істің өз жалғасын тауып, кәсіптің берекесін көруге  ықпалын тигізуде. Қаржылық сауаттылық сабақтарын да өтіп, білімімізді ситуациялық сұрақтармен біраз шыңдай түсті. Жобаның есебін жазуда, жоба материалдарын игеру барысындағы әртүрлі қиындықтар кезінде координаторымыз Маржан апаймыздың көмегі зор. Бұндай жобаға бірінші рет қатысып жатқандықтан, осынша қолдаушылар мен жол сілтер аға-апайларымыз бар да үйренеріміз көп екеніне тағы да көзіміз жетті.

Жобамыз «Сен сұлу»-әсемдік салонына негізделген. Біз қызмет ететін мақсатты тобымыз-көп балалы аналар, әлеуметтік жағдайы төмен жандар, жұмыссыз жастар, қыз-келіншектер, жетім жеткіншектер және жалғызбасты аналар. Біз осы аталған жандарға тегін қызмет көрсетіп , 1 күндері болсын нәзіктікке толы, қуанышты өткенін қалаймыз. Сонымен қатар, жастарды өзіміз білетін қызметке үйретіп , адал нанын табуға кәсіпке үйретуге тырысамыз.

Осындай керемет мүмкіндікті жастарға ұсынған Жас проект жастардың бағдаршамы деуге болады. Жобаны ұсынған ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банкке рахмет! Арманда! Мақсат қой! Іске асыр!

Жансакова Толғанай Маратқызы
Zhas Project жобасының жеңімпазы



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Zhas Project жобасы көп жастарға қолдау болды деген не?

Бұл бетте Zhas Project жобасы көп жастарға қолдау болды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Zhas Project жобасы көп жастарға қолдау болды материалы Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар жоба тақырыбындағы материалдар Zhas Project тақырыбындағы материалдар жастар тақырыбындағы материалдар қолдау тақырыбындағы материалдар