Өлең, жыр, ақындар

Менің тілім - қазақ тілі

Тіл-адамзаттың басты қазынасы.Тіл-тек қана пікір алмасу құралы емес, халықтың тарихы, мәдениеті мен дәстүрі.Тілдің құндылығы, қадірі туралы ақын жазушыларымыз көптеген мағыналар  қалдырған.Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған күнін яғни, 1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан  ӘбішұлыНазарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Сол арқылы өзгелерге өзінің ана тілін ұлықтап дамытуға мүмкіндік берілді.Бұл мереке жалпы халықтық сипат алып, жыл сайын тойланып келеді.

Біздің ана тіліміз ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра.Демек, әр адамзат өзінің ана тілін сақтауға,тілін шұбарламауға тиіс.Өкінішке орай, қазіргі таңда қазақ тіліміз жойылып бара жатқандай.Тіпті, өз тілін менсінбей қазақша сөйлеуге ұялтындар да бар. Осы кезде  ақын Қадір Мырза-Әлінің “Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!”-деген өлең жолдары есіме келеді.

Біз өз ана тіліміз арқылы тарихымызды білеміз.Дүниеге келгеннен бастап,  ана тілімізбен сөйлеп өстік. Ана тілімізді сақтап, абыройын асқақтату әрбіріміздін парызымыз.Өйткені, біздің болмысымыз, дініміз, мәдениетіміз тілімізде.Сондықтанда мемлекеттік туған тілімізде білуге міндеттіміз. Ата-бабамыздан қалған мұра болғандықтан, оны жалғастырып, мәртебесін көтеру баршамыздың борышымыз.

Б.Момышұлы “Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту”-деген еді. Сондықтан өз тілімізді ұмытпай, керісінше ой өрісімізбен келер ұрпаққа өз тілімізді дәріптегеніміз дұрыс.

Қазақ тіл-байлығымыз. Рухани жан дүниеміздің айнасы. Ана тіліміз біздің бақытымыз болса, тілдің бақыты-оның болашағының жарқын болуы, ұлтымыздің оны қадір тұта білуі.

Тіл туралы заңымыз тек қағаз жүзінде емес, өмірде нық қадам басып, ғумыры ұзақ болуы үшін күресе білейік! Ана тілімізді қастерлеп, оған деген құрметпен тек өзіміздің мемлекеттік қазақ тілімізде сөйлейік. Қазір тілді сақтап қалу тек біздің қолымызда. Біз сақтап қалмасақ, кейін біздің ұрпақьарымыз қазақ тілін білмей кетуі әбден мүмкін. Бүгінгі және ертеңгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт!

Тұран университеті      

Журналистика мамандығынын 2 курс студенті: Алмас Алтынай


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз