Өлең, жыр, ақындар

Адамның қолымен жасалған нәрсе, адамзатты жоюға алып келуі мүмкін бе?

Қазіргі кезде біз жаһандану әлемі мен технология, инновация дәуірінде күн кешіп жүрміз.  Бүгінде көптеген адамдар ғаламдық  мәселелерге үңіле қарауда: жасанды интеллект деген не және ғалымдар өздерінің идеяларын қашан асырады, дүниеге темір де болса «адам» қашан келеді. Әзірге ғылыми әлемде бұл өнертабыстың негізі болып табылатыны туралы пікірталастар мен даулар ғана орын алады. Осы пікірталастардың басты сауалдарының бірі: адамдар мен роботтар арасындағы айырмашылықты іс жүзінде толық жоятындай етіп жасау болып табылады. Ең алдымен, жасанды интеллект деген ұғымға тоқталып көрейік. "Жасанды интеллект" түсінігі "интеллектуалды машиналарды, әсіресе интеллектуалды компьютерлік бағдарламаларды жасау ғылымы мен техникасы"ретінде анықталады. Даму процесінде бұл ғылым өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ көптеген басқа ғылымдармен және мәдениет салаларымен тығыз байланыста болады. Мысалы, робототехника және робот жасау саласы жасанды интеллект жасау саласындағы әзірлемелермен тығыз байланысты. Бірақ «жасанды интеллект» не үшін қажет? Жасанды интеллект ұғымының өзектілігі қандай? Жасанды интеллекттің өмірге келтірер пайдасы зор. Оған дәлел бола алатын өмірдегі сан түрлі жағдайларды көрсетуге болады. Қазір компьютерлер көптеген нәрселерді жасай алады, тіпті адамдар қоғамының өзінен де асып түседі. Қарапайым мысал: олар адамдардың сағаттап, айлап жасайтын есебін секундта жасап бере алады. ЖИ математикалық есепті шешуде, медициналық болжауда, шахмат ойнау сияқты теориясында, мәтінді бір тілден екінші тілден аударуда, теореманы дәлелдеуде, комерциялық мекемелерде және т.б. салаларда жиі пайдаланылуда. Қазіргі кезде кейбір Жасанды интеллект нысанды (обьектіні) тани және сөйлей де алады.Әлемнің көптеген елдерінде жасанды интеллект құрылғылары әртүрлі мекемелерде қызмет атқаруда. Яғни, белгілі бір мекемеде жасанды интеллект құрылғысы арқылы кез-келген жұмыс тез әрі қатесіз аяқталады, және бұл құрылғы қаражатты талап етпейді. Қазіргі кезде ақылды көліктер, ақылды үйлер жобасы қолға алынуда. Ендеше, жасанды интеллектің бола алатын барлық артықшылықтарын, озығын саралап көрейік:

Жасанды интеллектті қолдана отырып дәлдікке қол жеткізіледі, ал қателік болуы мүмкін жағдай нөлдік деңгей шамасында.

Жасанды интеллект  ғарыш кеңістігін игеруде қолданылады .Түрлі роботтар ғарышты зерттеу үшін пайдаланылуы мүмкін.Оған дәлел қазіргі кезде ғарышты зерттеп жүрген  роботтар, Марстың топырағын зерттеумен айналысып жатқан роботтар.

Жасанды интеллект роботтары жер қойнауын зерттеу үшін пайдаланылуы мүмкін.  Жасанды интеллект роботтары әлемдік мұхиттың тереңдігін зерттей алады, адамға қажетті отын, ресурстар өндіре алады.

Смартфондар жасанды интеллектінің тамаша үлгісі. Жеке көмекші ретінде әрекет ететін Siri сияқты бағдарламалар,пайдаланушыға ең қысқа жол мен маршруттарды көрсететін GPS пен карталар. Осылайша, біз ЖИ күнделікті өмірді жеңілдететінін  көре аламыз.

Қайталанатын, тынымсыз және көп еңбекті қажет ететін міндеттерді орындау кезінде ЖИ тиімді қызмет атқара алады.

Жасанды интеллект адамның денсаулығы мен өміріне қауіпті міндеттерді орындай алады:  адамдарды құтқару, өрт сөндіру және басқалар.

Роботталған үй жануарлары адамдарға депрессия кезінде көмек көсетіп, қол ұшын бере алады. Оларға тіпті аллергияға ие адамдар да  қамқорлық жасай алады.

Жасанды интеллекттің тағы бір зор озығы:   машиналарға ұйқы, демалыс,немесе түскі үзіліс қажет емес. Олар  белгілі бір істі бірінен соң бірі атқара алады, тіпті бір жұмысты сан мәрте орындаса да бұл іс оларды жалықтыртпайды.

Жоғарыда аталған дәлелдер арқылы жасанды интеллектің адамға тигізер пайдасының мол екенін аңғаруға болады. Дегенмен «таяқтың екі  ұшы » болатынын ұмытпаған жөн. Жоғарыда атап кеткендей жасанды интеллектің өзіне тән қарама-қайшылықтары мен қаупі, тозығы да бар. Ендеше осы бір қателіктерді саралап көрейік.

Жасанды интеллекттің негізгі кемшіліктерінің бірі - техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Талаптарға сәйкес бағдарламарды жаңарту, сынған жағдайда, жөндеу құны өте зор болуы мүмкін.

2. Егер Роботтар әрбір қызмет саласында адамды алмастыра бастаса, бұл жұмыссыздыққа әкелуі мүмкін.

3. Оның есесіне,өз интеллектін қолдану қажеттілігінің азаюына байланысты адамның қабілеті қысқаруы мүмкін. Машинадан тәуелділік пайда болуы әбден мүмкін.

4. Егер жасанды интеллекті бар әскери құрылғылар, қылмыскер адамдардың қолына түссе, бұл үлкен қиратылысқа әкелуі мүмкін. Машина бір істі жасамастан бұрын оның салдарын ойламайды.

Барлық осы кемшіліктерден басқа, роботтар адамды ауыстырып кетуі мүмкін деген қорқыныш, үрей бар. Ең дұрысы, адамдар көлік иесі болуы керек, нақты жұмысты адамдар атқару керек. Алайда,егер бәрі керісінше болса, адам үшін әлем хаосқа айналуы мүмкін.Барлық тәуекелдер мұқият өлшенбес бұрын, адам көмегіне жасанды интелллектті қолдану үлкен қателікке әкелуі мүмкін. Жасанды интеллекттің озығы мен тозығын тізбектей отырып нақты тұжырым келтірер болсақ: егер адам ессіз Құдай кейпін ойнаса, ол өзін жоя алуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандардан нәтиже келтіретін болсақ, жасанды интеллект  жақсы дүние, бірақ әзірге ешқандай кемшілігі жоқ деп тұжырымдауға келмейді. Жасанды инттелекттің, ақылды машиналар мен роботтардың өмірге тигізер озығы да тозығы да бар. Сондықтан ғалымдар жасанды интелекті өндіру барысында мүмкін бола алатын барлық қауіпті жағдайларды болдырмау қажет. Адамның қолымен жасалған нәрсе, адамзатты жоюға алып келеді деуге сенгіміз келмейді, бірақ адам өзі жасаған машиналарды бақылау, тексеру мәселелерімен жан-жақты айналыспаса, оқиғаның қалай өрбіп кететінін айту қиын болатыны сөзсіз.

Ермағамбет Аружан


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар