Өлең, жыр, ақындар

Білікті музей маманы – бүгінгі заман талабы

Бүгінгі бәсекелестік заманда университетке қойылатын ең басты талаптардың бірі бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау болып табылады. Осындай білікті мамандарды дайындап жатқан еліміздің ең ірі жоғарғы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. «Өткеніңді білмесең – болашағыңды болжай алмайсын» - деген қанатты сөзден бүгінгі күннің көкейтесті сауалдарына жауапты біздер өткеннен іздеп таба алатынымызды байқаймыз. Ал осы өткен мен болашақты жалғастырып тұрған түйін ол ата-бабамыздың асыл қазынасын сақтап, оны бүгінмен байланыстырып тұрған музей деп айта аламыз. Сол себепті халымыздың мәдени мұрасын одан әрі қорғап, сақтайтын, қалпына келтіретін және оны насихаттайтын мамандар бүгінгі заманның талабы болуы заңды құбылыс. 

Осы жұмысқа жастарды баулу мақсатында 2003 жылы еліміздегі ең үздік жоғарғы оқу орнында Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Тарих, археология және этнология факультетінде «5В041900 - Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы ашылған. Және сол ашылған жылдан бері, бүгінгі күнге дейін Қазақстанның музей ісінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген көптеген мамандарды дайындап шыққан.

Келешекте Қазақстан музей ісін дамытатын және музейлерімізді әлемдік музейлер арасынан ең алдыңғы қатарынажеткізетін жоғарғы дәрежелі мамандар дайындап шығу үшін, факультеттің білікті оқытушылар арнайы курстар, пәнаралық зерттеулер қолдана отырып, студентке теориялық білім беруге ұмтылады.Бәсекеге қабілетті білікті маман болуы үшін студенттер  ақпаратты өзі іздеп табуды, талдай білуді және оны дұрыс пайдалана білуі керек. Сол себепті олардың оқу бағдарламасында семинар сабақтары өтеді, онда студент өзінің ойын еркін жеткізе алады. Сонымен бірге университет қабырғасында интернет желісі орнатылған, бұл студенттер кез-келген уақытта өздеріне керекті ақпараттарды, ең бастысы шетелдік музейлердің тарихымен, үздік экспонаттарымен танысып, олардың тәжірбиелерін саралау үшін  шетелдік виртуалды музейлерге сапар шегуге мүмкіндік береді.

Және де оқытушылар Алматы қаласының ең ірі ҚР МОМ, Алматы тарихы музейі, Д.А. Қонаев музейі, Ықылас Дүкенұлы атындағы саз аспаптар музейімен тығыз байланыса отырып, студенттер музейдегі мамандарымен бірге екі апталық тәжірбиеден өтеді және осы арқылы студенттер өздерінің теориялық білімін, тәжірбие жүзінде шыңдайды. 

Сонымен бірге университет шетелдік ең үздік ЖОО - мен байланыс орнатқан, бұлстуденттерге мамандықтары бойынша академиялық ұтқырлық арқылы шетелге шығуға мүмкіндік береді. Осы мамандықтың студенттері әлемнің ең үздік музейлерінде болып, ондағы қызметкерлердің жүргізіп жатқан жұмыстарын саралап, сол арқылы болашақта онда жинаған тәжірбиесі арқылы, Қазақстан музей ісін бір сатыға жоғарлатуға өзінің үлесін қоса алады. Осы мамандықтың бітірушілерге университет өздерінің білімдерін одан ары тереңдей түсу және осы сала дамытуға өз үлесінің қосу үшін магистратура және осы жылдан бастап «8D022 - Музей ісі және ескерткішті қорғау» мамандығы бойынша докторантураға түсуге мүмкіндік беруде.

Амангелді Ардана Тарих, археология және  этнология факультетінің 4-курс студенті

Мақала жетекшісі: М.Қ.Егізбаева – әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз