Өлең, жыр, ақындар

Табиғат зардап шекпесін!

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университетінің студенті

Болатова Ұлжан Мырзағалиқызы

Адам және табиғат. Бұлар ешқашан да бөлінбейтін егіз ұғымдар емес пе?! Табиғат-адамға берілген таңғажайып сый, ал адам сол таңғажайып сый- Табиғат ананың перзенті. Сондықтан да әр перзент өз ата-анасын қорғауға, аялап-ардақтауға міндетті.

Әлемде адам баласының қолынан туындаған табиғат апаттары өте көп. Олар қандай апаттар?  Мысалы: 1990 жылы АҚШ пен Ирак арасындағы соғыста АҚШ әскерін бөгеу үшін Ирандықтар  Парсы шығанағына 8 тонна мұнай төккен. Әсерінен таяу Шығыста экологиялық апат орын алып, шығанақта мекен ететін жануарлар қырылды. Ал Қытайдың Гуйю қаласында электронды қоқыс үйіндісі орналасқан. Ғалымдар ол жердегі электронды қалдықтардың көптігінен ауаның және судың құрамына қауіпті химиялық қосылыстарды ескертіп, дабыл қағуда. Тағы бір мысал ретінде 2018 жылдың қараша айының 8-жұлдызында болған Калифорния штатындағы алпауып орман өртін де атап өте аламыз. Аталмыш апаттық жағдайда 5 адам құрбан болып, Калифорнияның солтүстік бөлігіндегі орман отқа оранған. Апатқа себепші болып отырған, адамдардың салғырттығы деп пайымдалуда. 2011 жылы Мексика шығанағында ВР компаниясының жауапсыздығынан өңделмеген 8 млн тонна мұнай төгілген. Осының кесірінен су ластанып, 10 мыңнан астам жануарлар мен құстар жойылған. Әлі күнге дейін апаттың туғызған қиындықтары жойыла қоймаған.

Бұдан бөлек, адамзат қолынан туындаған ең қауіпті апат тудыратын әрекет-ядролық, биологиялық және химиялық қаруды сынау. 1954 жылы АҚШ тарихындағы ең кесірлі ядролық қаруды сынау «Кастл Браво» деп аталатын сынақ жүргізілді.  Аталмыш сынақтың нәтижесінде атмосфераға келген зиянды айтып жеткізу мүмкін емес, ал адамдарға келген қауіп жөнінде тіптен сөз қозғамай-ақ қоялық. Осы тәрізді өз елімізде де ШҚО Семей ядролық полигонында 40 жыл бойында сынақтар жүргізілген болатын. Бірақ, бағымызға орай көреген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жаһанды жұртын алапат қасіреттен қорғап, 1991 жылы ядролық полигонды жабық деп жариялады. Елімізде бұдан бөлек адам қолынан табиғатты зор шығанға ұшыратқан жағдай: браконьерлердің қастық әрекеті деп есептеймін. Себебі, олар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген ақбөкендерді аяусыз қырып жоюда. Сонымен қатар, соңғы кездерде адамдардың әрекетің зиянынан Арал мәселесі де өзекті мәселелердің қатарында. Арал теңізінің тартылуынан өсімдіктер мен жануарлардың кей түрлерінің жойылуын айтпағанда, суы тартылған жердегі тұздардың шығып қалуы тағы бар. Бұл тұздар жақын маңайға аса қауіпті аурулар таратқанымен қоймай, ғалымдардың пікірінше антарктидадағы алып мұздықтардың бетіне қонып, оларды ерітуде екен. Тағы да бір ескере кететін адам әрекетінен зиянды жағы: ғарыш айлақтарынан зымыран ұшып шыққан сайын, азон қабатының тесіліп, жұқарып бара жатқандығы. Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағы да осы орайда өз зияны мен пайдасын қатар беруде. Бұл да бір экологиялық апаттың бастамасы болуы мүмкін. Сондықтан дер кезінде мәселенің шешімін тапқан жөн-ақ! Осы орайда елімізде біршама жобалар қолға алынуда. Айтап айтқанда: «Жасыл» экономикасы аясында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қолға алынған, «Қазақстан экологиясы» негізінде ауылды аймақтарды таза ауыз сумен қамту да орындалуда. «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы көшеттер отырғызылып, аймақтарда көгалды бақтар пайда бола бастады. Тұңғыш президентіміз, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осы бағдарламаны өзі қолға алып, алғашқылардың бірі болып, көшеттер отырғызғаны көпке үлгі болды. Біздер, өскелең жас ұрпақ, осындай ел ағаларынан өнеге жинап, болашақта табиғатымызды тазалықта ұстауға тиіспіз. «Кішкентай ханзада» шығармасындағыдай адам таңертең тұрған бойда әуелі өзін, сосын өзін қоршаған ортаны, әлемді, жер ғаламшарын таза ұстауы керек. Сонда ғана экологиялық апаттардан және олардың зардаптарынан алшақ боламыз. Табиғатымызды аялай білейік!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Айдана

Кереметтт

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер