Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ-дегі инновациялық білім

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстаздары және студенттерімен кездесуде сөйлеген сөзінде: «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жағынан стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады, және солай болуы тиіс. Білім беру ісі елдің даму деңгейі арқылы бағаланатын болады»-деп, оқу-ағарту, білім мен ғылымнан жас қазақ елінің Орталық Азия "барысына" айналуы  маңызының ерекше зор екенін айтып, жастардың жан-жақты білім алуының қажеттілігіне кеңінен тоқталды.

Елбасының сөйлеген сөзінен білім берудің мемлекет дамуының аса маңызды факторы екендігіне көз жеткізу қиын емес. Осылайша әр уақыттың, әр заманның ұрпақтары алдында белгілі бір жоспарлар, міндеттер тұратынын айтпаса да белгілі.

Қазіргі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарының басты ерекшеліктерінің бірі – білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті маманның интеллектуалдық әлеуетін дамыту болып отыр. Осыған байланысты болашақ мамандарды кәсіби және тұлғалық дамыту үрдісі ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап – білім беру саласында инновациялық өзгерістердің туындауына ықпал ете отырып, оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады. Өйткені, ақпараттық дәуір экономикасы болашақ маманның білімді, әрі білікті тұлғасына тәуелді болып отыр.

1934 жылы негізі қаланған ҚазҰУ-де қазіргі таңда 7 ғылыми-зерттеу институты, 1 ғылыми-технологиялық парк, 5 институт, 30 әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми орталық, 14 факультет, 62 кафедра және 7 департамент жұмысын атқарып, аталмыш талаптарды орындауға барлық жағдай жасауда.

ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті, тарих және география мамандығының 1 курс магистранты Жанғали Шыңғыс. Ғылыми жетекші: Картабаева Е.Т.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Мирас Кудайберген

Оте керемет!!!

Жанна Исабаева

Өте керемет, жан-жақты, кең ауқымда жазылған мақала екен

Myrza

Өте керемет!

Myrza

Өте нашар!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз