мектеп-гимназиясы»
2 «К» сынып оқушысы
Оралханов Айсұлтан Мейрамханұлы
Елімізідің тұңғыш президенті туралы Өзіндік ой толғауымды ...
Тербетілген бесігінде даламның,
Ұлт көсемі кемеңгері бағалы.
Нұрсұлтандай нұрын шашқан еліне,
Амандығын тілейікші ағаның.
Жаса мәңгі, жаса мәңгі қазағым! деп ұрандата бастағым келіп отыр. Дәл осы өлеңмен былтырғы оқу жылының желтоқсан айының басынан сынып болып сайыса отырып, «Мен Елбасымды танимын!» атты сынып сағатында шырқағаным есімде. Біз сынып болып, сайысқа түстік, елбасы туралы алғашқы толық ақпараттарымызды алып, Нұрсұлтан атамның кемеңгерлігіне сүйсіне отырып, біздің «Бүркіт» тобы бас жүлдені жеңіп алған едік. Дәл осы сайыстағы жеңісім бе, әлде айтылған ақпараттардың дұрыстығын өзім зерттегім келді ме білмедім... Бірақ тұңғыш президент деген түсінік пен Нұрсұлтан атамның жүріп өткен жолына деген қызығушылығымның оянғанын мақтан етіп айтқым келіп отыр. Сыныптық сайыс кезінде, желтоқсан айының 1 ші күнін «Тұңғыш елбасы» күні меркесі етіп жариялануының да жайдан- жай емес екендігін түсінгендей болдым. Білесіз бе неге? Себебі Нұрсұлтан атам қазақтардың ішінен алдыға суырылып, яғни бірінші болып ел басқарған мен үшін ұлы тұлға. Сондықтанда айдың бірінші күні, біріншілерге лайықты күн. Желтоқсан айының таңдалып алынғанын өзімше, жаңа жыл мен ескі жылды байланыстырушы ай, яғни Нұрсұлтан атамның қазақ елін отаршылдықтан, дамушы елдер қатарына алғаш қосқандығын сипаттайды деп жорамал жасадым. Желтоқсан айын менің «елбасы айы» деп атап алғанымда бар. Ұстазым менің сынып сағаты үстіндегі осы тапқырлығымды сыныптас достарыма айтып мақтан етті.
Топтардың ішінен озып, ілгері шыққанымызға деген қуаныш пен ұстазымның мақтауынан кейін, үйге оралысымен анама елбасымыз туралы сұрақтарды үздіксіз қойғанымда есімде. Сол сұрақ-жауап барысында, анамның менің есімімді АйСұлтан қоюының, елбасына қатысы бар екендігін, яғни Нұрсұлтан атама тартқан дана, ақылды, елбасқара білетін, дара болып өссін деген оймен таңдағанын естіп, одан әрі әсерлене түстім.
Шештім, «мен болашақта елімнің президенті боламын!»-дедім. Ал, енді президент болуым үшін, алдымда үлгі тұтар адамдардың жүріп өткен жолын зерделеуім керек болды.
Сол ақ екен, анам интернет желісінен елбасымыз туралы көптеген ақпараттар тауып берді. Елбасына дейін Қазақстан Ресубликасының президенті болмағанын көріп, одан бетер қызыға түстім. Демек Ресбуликамызды тәй-тәй бастырған алғашқы жан. Елбасымыздың білімі мен даналығының арқасында үлкен өзгерістерге қол жеткізгенімізді көрдім. Қазақстанның Нұрсұлтан атамыз тұңғыш президент болған кезінен, қазіргі күнге дейінгі өзгерістердің барлығы, тұңғыш бізді Қазақстан елі атандырып, тұңғыш біздің елдің тәуелсіздік туын асқақта ұстауды үйреткен, «елім менің» деп ұрандатуды мақтан еткізген, ата-анамның мен ұқсап бақсын деген осынау бір тұлғаның көп жылдардан бергі еңбегі екендігін көріп тамсандым.
Білімін растайтын көптеген төсбелгі, құжаттарының барын көріп, қолымдағы 1 сыныпты үздік бітіргенім туралы мақтау қағазымның елімнің президенті болу жолымдағы алғашқы жетістігім деп бағаладым.
Ендігі кезекте елбасындай болуым үшін, барлығының тек өзімнің қолымда екенін ұққандаймын. Сабағымды жақсы оқып, ұстазымның берген білімін аянбай санама құя білсем, ата-анамның ақылына құлақ асып, білгір, тәрбиелі ұл болып өссем, Ұлы тұлғаларды ғана үлгі етіп, дара іздерінен ғана бассам, арманыма жететінімді түйсіндім.
Ендеше Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосамын деген арман жолында елбасымыз Нұрсұлтан атамыз қалай еңбек еткен болса, меніңде тура солай оңайшылықпен келмейтін еңбекті атқаруым керектігін ұғындым. Ал менің бүгінгі еңбегім ол сабақта алғыр, жарыста шабандоз, отбасым мен достарымның ортасында мақтаныштарына айналуым. Және осылардың барлығын өзіндік дәреже де атқарудамын.
Бүгін сынып жетекшіміз екеумізге үлкен тебіреніспен Елбасымыз туралы эссе жазу бақыты бұйырған екен, олай болса бірден Мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын мәңгілікке мақтан ететіндігімді де жазып өтейін. Және өмірлік үлгі тұтар ұлы тұлғам деймін. Елбасымыздың еліміз үшін жасаған жақсылықтары мен еліміздің осынау көркеюі үшін қабылдаған шешімдері үшін барлық халық тағзым етіп, рақметін айтулары керек деп ойлаймын. Және де осы ойтолғауымдысы «Рақмет, елі сүйген, елін сүйген Елбасым!» деп аяқтағым келіп отыр.
...Ал мен арманымның жүзеге асуы үшін, әлі талай еңбектер атқаруым керек. Қазіргі еңбегімнің де, яғни осы эссеннің бір нәтижеге жеткізетініне сенейін!
Сынып жетекшісі: Салыбаева Маржан Куанышпековна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі