Бір үйге
- 0
- 0
Бір үйге көп қараймын тамаша етіп,
Ұстаға соны салған көңілім кетіп.
Алыстан анадайдан түсіп көзім,
Қасына шыдай алмай бардым жетіп.
Бұл бетте «Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір патша көп қосынды жауға айдады,
Үш жерден ортасына ту байлады.
"Алып жүр, түзу бастап, оң жолға!"- деп,
Біреуін ортасынан хан сайлады.
Дүниенің қарамадым көп-азына,
Ескеріп көз алмадым қыс-жазына.
Шимайды жындылықпен сала бердім,
Шимайлы шайдың қалған қағазына.
Хабарлама
INFO
Не деген ѳлен.......????????
(✯ᴗ✯)(◍•ᴗ•◍)❤ʕっ•ᴥ•ʔっ
Ѳлен кушты екен..
Аз күшті